1 қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында ақпарат алмасу қағидаларын бекітті. Бұл қабылдануы ЕАЭО туралы шартта көзделген ортақ электр энергиясы нарығының жұмыс істеу қағидаларының жиынтығындағы қорытынды құжат.
Көрсетілген Қағидалар нарық субъектілерінің, Одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылын регламенттейді, нарықтың жұмыс істеуі шеңберінде ашылуға жататын ақпараттың құрамын айқындайды.
Сондай-ақ, құжат ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығындағы электрондық құжат айналымында ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану үшін құқықтық негіз жасайды.