Жаңалықтар

20.09.2022

ЕЭК Жастар кеңесі өз жұмысын жандандырады

Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Комиссияның Жастар кеңесінің төрағасы Данияр Турусбековтың төрағалық етуімен өткен ЕЭК Жастар кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Жастар кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіби жастары өкілдерімен олардың қоғамдық және кәсіби тұрғыда өз-өздерін жақсырақ танытуы үшін өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі туралы әңгіме болды.

Осыған байланысты тиісті бағдарламалар бірлесіп әзірленетін бірқатар негізгі әріптестермен ынтымақтастықты тереңдету белгіленді. Өңірлік интеграциялық бірлестіктердің және халықаралық ұйымдардың жастар кеңестерімен жүйелі негізде өзара іс-қимыл жасау, ЕАЭО-ның, үшінші елдердің және өңірлік интеграциялық бірлестіктердің аса ірі форумдық алаңдарында бейінді жастар сессияларын ұйымдастыру жоспарлануда.

Данияр Турусбеков 2022 жылғы 25-26 тамызда Чолпон-Атада, Қырғыз Республикасында өткен ТМД және ЕАЭО Жастар форумының қорытындылары туралы айтып берді. Форум жас қатысушылардың Одақ мемлекеттерінің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және Еуразиялық интеграция идеясын танымал етуге серпім бере алатын бастамалармен сөз сөйлеуіне мүмкіндік бере отырып, бірегей алаң болғаны атап өтілді.

ЕЭК Жастар кеңесі ақылмандар ой-талқысы форматында форумда айтылған ұсыныстарды талқылады. Атап айтқанда, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің бастамалары, дәлірек айтқанда, Еуразиялық жастар бастамаларын қолдау қорын құру, одақтық елдер жастарының өтініштерін қарау жөнінде «бірыңғай терезе» құру, ЕАЭО елдерінің жастарына ЕЭК-те практикадан және тағылымдамадан өту мүмкіндігін беру бастамалары қаралды.

ЕЭК Жастар кеңесінің отырысына қатысушылар сондай-ақ форумда жастар өкілдері ұсынған бастамалармен жұмысқа: Еуразиялық кәсіпкерлік қоғамдастықтарын құруды ынталандыруға, жастар туризмін, ЕАЭО-да волонтерлік қозғалысты, академиялық ұтқырлықты және т.б. дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге белсене қатысуға дайындықты білдірді.

Бұдан басқа, ЕЭК Жастар кеңесінің отырысына қатысушылар бастамалар тізбесіне толықтырулар: ЕЭК-тің әріптес жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылын кеңейтуді; жоғары оқу орындарында және жоғары оқу орындары арасында студенттік бірлестіктермен бірлесіп Еуразиялық интеграция тақырыптамасы бойынша ғылыми конкурстар, пікірталастар өткізуді; ЕЭК өкілдерінің мемлекеттік аттестаттау комиссияларына қатысуын ұсынды. ЕЭК-тің жас қызметшілері арасындағы әлеуметтік байланыстарды дамытуға айрықша назар аударылды.

«ТМД және ЕАЭО Жастар форумының қорытындылары бойынша біздің алдымызда Комиссияда да, сол сияқты Одақта да жастар күн тәртібін дамыту жөнінде жүйелі жұмысты ұйымдастырудың міндеті тұр. ЕЭК Алқасының Төрағасы бізден нақты нәтижелерді күтуде. Кәні, сол нәтижелерді көрсетейік», – деп атап көрсетті Данияр Турусбеков.

ЕЭК Жастар кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында таяудағы отырыстардың бірінде іс-шаралар жоспарын бекіту, сондай-ақ ЕЭК Жастар кеңесінің жаңартылған құрылымының жобасын қарау жоспарлануда.