Күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттары, Ресей Федерациясының робот техникасын дамытудың, ЕАЭО-да өнеркәсіптік роботтарды өндіру мен ендірудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бастамашылық ұсынысы, Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі туралы, сондай-ақ өнеркәсіптегі бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық көмек көрсету механизмін іске асыру барысы туралы мәселелер енді.
Отырысқа қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстарды және 2030-өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының (ӨЫНБ) жобасын оларды бекіту үшін қажетті құжаттар пакетімен қоса мақұлдады. Жобаға сәйкес ЕАЭО елдері үш бағыт: Одақ нарығының әлеуетін пайдалану, өнеркәсіптік-технологиялық өзара іс-қимыл және экспорттық нарықтардағы ынтымақтастық бойынша міндеттерді шешуге шоғырланады.
"ӨЫНБ-ны іске асыру жөніндегі нақты іс-шаралар алғаш рет құжатқа қосымшамен ресімделгені, іске асыру нысандарын, мерзімдерін, сондай-ақ орындауға жауаптыларды көрсете отырып, тиісті құралдар түрінде көрсетілгені түбегейлі жаңа нәрсе болып табылады. Олар ӨЫНБ-мен бір мезгілде бекітілетін болады. Белгіленген тәртіппен қаралғаннан кейін құжатты осы жылдың қазан айында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына шығару жоспарлануда", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
Одақ елдерінің бейінді министрлері өндірісті дамыту және өнеркәсіптік роботтарды енгізу бойынша жаңа Еуразиялық технологиялық платформаны қалыптастыру тәсілдемелерін келісіп, старт берді.
Отырысқа қатысушылар "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын қайта іске қосу кезеңдерін талқылады және оны қайта форматтау жөніндегі тәсілдемелерді одан әрі пысықтауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық көмек көрсету механизмін іске асыруға қатысты Гоар Барсегян бизнес пен қаржы ұйымдарының жаңа механизмге қатысу шарттары туралы хабардар ету бойынша Комиссияның белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, мүше мемлекеттердің кооперациялық жобаларды қалыптастыруы кезінде оларға консультациялық қолдау жүйелі негізде жүзеге асырылады.
"Комиссияға алғашқы жобалық ұсыныс келіп түсті, ол қаралып жатыр. Бизнестің жобалық белсенділігін жандандыру маңызды, бұл жерден біз "бестік" елдерінің өңіраралық байланыстарын кеңейтудегі елеулі әлеуетін көріп отырмыз. Осы мәселеде Комиссия мүше мемлекеттердің мүдделі ведомстволарының жәрдеміне сүйенеді", – деп хабарлады Гоар Барсегян.
Тараптар өнеркәсіп салаларында бірлескен коперациялық жобаларды іздеу мен дайындау жөніндегі жұмысты жандандыру жайында шешім қабылдады.