Жаңалықтар

14 Jan 2025 Тамақ өніміне арналған техникалық регламентке орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға енгізілген өзгерістерді қабылдады. Бағдарламадан 42 позиция алынып тасталды, оның төртеуі – олардың өзекті емес екендігіне байланысты, 38-і бойынша тараптар бұрын тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірлеген болатын. 48 стандартты әзірлеу мерзімі ауыстырылды, бұл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық стандарттау жоспарларын өзектілендіруіне және жобаларды түзету қажеттігіне байланысты болды. Бұдан басқа, Бағдарлама МемСТ әзірлеу бойынша, соның ішінде жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі ветеринариялық дәрілік заттардың (фармакологиялық белсенді заттар мен олардың метаболиттерінің) қалдық мөлшерін анықтау әдістеріне арналған 17 позициямен толықтырылды. Бағдарламаға өзгерістер қабылдау туралы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
14 Jan 2025 ЕАЭО Жапониядан, Таиландтан, Түркиядан және Малайзиядан әкелінетін құйылған алюминий доңғалақ дискілеріне демпингке қарсы баж енгізеді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жапониядан, Таиландтан, Түркиядан және Малайзиядан әкелінетін алюминий доңғалақ дискілеріне демпингке қарсы баж енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шара диаметрі 13-20 дюйм жаңа әрі бұрын пайдалануда болған дискілерді қоса, құрсыммен толық жинастырылған немесе жинастырылмаған дискілерге де қатысты болады. Оның қолданылу мерзімі бес жылды құрайды. Баж кедендік құнның 9,38-42,82% мөлшерінде өндірілген елге байланысты белгіленген. Шешім ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2023 жылғы 1 наурызда "Алюминий өндірушілердің, жеткізушілердің және тұтынушылардың бірлестігі" қауымдастығының өтініші бойынша бастаған демпингке қарсы тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қабылданды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша аталған елдерде шығарылатын тауардың демпинг импорты бар екені және Еуразиялық экономикалық одақ экономикасының саласына материалдық нұқсан келтіретіні белгіленді. Демпингті елдерден әкелінетін құйылған алюминий доңғалақ дискілерін өндірушілердің баға саясаты біздің өз компанияларымыздың ішкі нарықтағы үлесін жоғалту жағдайында тауарды өткізу бағасын оның өзіндік құнының өсуіне мөлшерлес арттыра алмауына әкелді. Нәтижесінде оларды сату шығынды, ал өндіріс рентабельділігі нашар болды", – деп түсіндірді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
14 Jan 2025 ЕЭК Магистралдық құбыржолдарға арналған техникалық регламентке орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаның жаңа редакциясын бекітті Еуразиялық экономикалық одақтың «Сұйық және газ тәрізді көмірсутегін тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 049/2020) орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарлама жаңа редакциясында бекітілді. Өзгерістер Бағдарламада көзделген мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және қабылдау нәтижелерін, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарды қолдануды ескере отырып, техникалық регламентке орайлас дәлелдемелік базаны өзекті жай-күйде ұстау үшін дайындалған. Бағдарламаға сәйкес 24 МемСТ әзірлеу көзделген, оның 14-і-Қазақстан мен Ресейдің ұлттық стандарттары негізінде әзірленеді. 2024-2025 жылдары он, 2025-2026 жылдары төрт, 2025-2027 жылдары тоғыз мемлекетаралық стандарт әзірлеу көзделген, тағы бір МемСТ 2029 жылға дейін әзірленуі мүмкін. Бағдарламаның жаңа редакциясында қолданыстағы құжатта көзделген 16 мемлекетаралық стандарт сақталған. Бұдан басқа, Бағдарламаға сегіз жаңа мемлекетаралық стандарт енгізілген.  
14 Jan 2025 Алқа декларация тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті қолдану мүмкіндіктерін кеңейтті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібін және осы құжаттың құрылымын өзектілендірді. Онда акциздік маркалар туралы мәліметтерді көрсету мүмкіндігі пайда болады. Комиссия Алқасы акцизделетін тауарларға қатысты оңайлату қолдануда бұрын көптеген жыл бойы болып келген шектеудің күшін жойды. Бүгін қабылданған шешім акцизделетін тауарларға қатысты бергенге дейін шығарумен байланысты ең сұранысқа ие УЭО оңайлатуының бірін қолдану мүмкіндігін практикалық іске асыруды қамтамасыз етеді. "Қабылданған өзгерістер оңайлатылған өтінішті қолдану мүмкіндіктерін және тиісінше уәкілетті экономикалық операторлар үшін оңайлатуларды кеңейтеді, бұл осы институттың негізгі халықаралық үрдістерге сәйкес одан әрі дамуына ықпал ететін болады", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов. Тауарларға декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш – бұл оңайлатылған кедендік құжат, онда кедендік бақылау үшін ең аз мәліметтер көрсетіледі және тауар тауарларға арналған декларацияның жалпыға бірдей белгіленген нысаны берілгенге дейін іс жүзінде шығарылады. Уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) аталған құжатты белсенді пайдаланады, олар үшін декларация берілгенге дейін тауарлар шығару ұсынылатын оңайлатудың бірі болып табылады. Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты. Осыған ұқсас мәліметтер толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" № 257 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларацияда көрсетіледі. 
Эльдар Алишеров БҰҰ-ның Статистика жөніндегі комиссиясының төрағасымен келіссөздер жүргізді 10 Jan 2025 Эльдар Алишеров БҰҰ-ның Статистика жөніндегі комиссиясының төрағасымен келіссөздер жүргізді 10 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеров БҰҰ-ның Статистика жөніндегі комиссиясының төрағасы, Швейцария Федералды статистикалық басқармасының бас директоры Жорж-Симон Ульрихпен келіссөздер жүргізді. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, БҰҰ-ның Статистика жөніндегі комиссиясының құрамын кеңейту перспективалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оның кеңейтілген құрамына кіру мүмкіндігі және ЕЭК-тің бақылаушы ретінде қатысуы қарастырылды. БҰҰ-ның Статистика жөніндегі комиссиясы жаһандық статистикалық жүйенің ең жоғары органы болып табылады. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен БҰҰ-ға мүше елдердің статистикалық ведомстволарының басшыларын біріктіреді. Комиссия – халықаралық статистикалық қызмет саласында, атап айтқанда статистикалық стандарттарға, тұжырымдамалар мен әдістерді дамытуға және оларды ұлттық және халықаралық деңгейде енгізуге қатысты шешімдер қабылдау жөніндегі бас орган.
10 Jan 2025 ЕАЭО мен ҚХР сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жол картасын өзектендірді 10 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков Ресей Федерациясындағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі өкілетті министрі Лю Цзиньмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар өзара іс-қимылды дамытудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске қосу жөніндегі бірлескен комиссияның төртінші отырысының уағдаластықтарын орындау мәртебесін, сондай-ақ 2023 жылы бекітілген ЕАЭО – ҚХР жол картасын іске асыруды талқылады. Сонымен қатар 2025 жылы Одақ елдерінің бірінде өткізуге жоспарланған Бірлескен комиссияның бесінші отырысына белсенді дайындықты бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Осы жылы мемлекеттеріміз арасындағы сауданың одан әрі өсуіне ықпал ететін ынтымақтастықтың неғұрлым талап етілетін бағыттарын қоса алғанда, жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуді ұсынамын», – деп атап өтті Владимир Серпиков.
Тағы да көрсету