Жаңалықтар

23.06.2022 (Обновлено: 05.07.2022 11:33)

2022 жылғы мамырда ЕАЭО-да тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағасы 0,3% өсті


ЕАЭО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағаларының индексі мамырда 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 100,3%, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 111,2% құрады.
 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ЕАЭО-да азық-түлік тауарларының (13,5%) және азық-түлік емес тауарлар (12,2%) бағасының айтарлықтай өсуі байқалды. Осы кезеңде ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 6,3% өсті.

 ЕАЭО бойынша бағаға қарағанда, азық-түлік тауарлары бағасының өсуі Ресейде (13,8%) тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар бағасының мейлінше көп артуы Беларусьта (14,0%) және Ресейде (13,4%), ақылы көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі Беларусьта (7,3%) және Ресейде (6,8%) байқалды.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі ​​«Тұтыну бағаларының индексі туралы» бөлімде берілген.