11 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Айна Құсайынованың төрағалығымен «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығын орнықты дамытуға жол» атты дөңгелек үстел өт
Осы саладағы халықаралық институттар қызметінің бағыттары, ЕАЭО-дағы саланың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету жөніндегі ағымдағы жағдай мен перспективалық шаралар, ақуыздың баламалы көздерінің нарығын дамыту және өнеркәсіптік ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды пайдалануды оңтайландыру талқыланды.
«БҰҰ жіктемесіне сәйкес ауыл шаруашылығы экологияға келтірілген залал деңгейі бойынша экономиканың топ-5 саласына кіреді. Осыған байланысты ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту қажеттілігі қазіргі және болашақ ұрпақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теңдестірілген шешімдерді іздеу қажеттілігін талап етеді», – деп атап өтті Айна Құсайынова
Комиссия өкілдері өнеркәсіптік Ауыл шаруашылығын жүргізудің жағымсыз салдарын азайту және ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешенін климаттық өзгерістерге бейімдеу мақсатында мемлекеттік органдардың, ғылыми институттар мен бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттігіне назар аударды.