Жаңалықтар

29.04.2021

Сергей Глазьев: «Стратегиялық жоспарлау мен жүйелі тәсілдеме 2025 жылға дейінгі стратегияларды іске асыру механизмінің түйінді элементтері болуға тиіс»

Қазанда 29 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері Экономика министрліктерінің басшылары кеңесінің негізгі тақырыбы – ағымдағы макроэкономикалық жағдаят және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру мәселелері болды. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев атап көрсеткендей, Одақ елдері Экономика министрліктерін олардың иелігінде бар барлық ресурстар жиынын іске қоса отырып, интеграцияны дамытуға тереңірек тарту қажет.

«ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Одақты озыңқы дамытуды және экономикалық өсу қарқынын арттыруды қамтамасыз ету мақсатын алға қойды, демек, бұл үшін жағдай жасау және қолда бар ресурстарды барынша жұмылдыру қажет. Макроэкономикалық саясаттың 2021-2022 жылдарға арналған негізгі бағдарларында қатталған бағалауларға сай, біздің өсу қарқынымыз жылына 5%-ға жетеді», — деді Сергей Глазьев.


Экономикалық өсуді тездету құралдарының бірі — Одақтағы бірлескен бағдарламалар мен жобалар бола алады, алайда оларды қаржыландыру мәселесі ашық қалып отыр. Сергей Глазьев бірнеше мүмкін болатын нұсқа ұсынды, олар: орталық банктердің қайта қаржыландыру жөніндегі арнайы құралдары, Комиссияның экспорттық баждарды және басқа түсімдерді аудару есебінен қалыптастырылатын бюджеті.

Талқылау барысында 2025 жылға дейінгі стратегияларда көрсетілген түйінді шаралар мен механизмдер сөз болды, оларды іске асыру Экономика министрліктерінің құзыретіне жатады. Мемлекеттердің экономикалық дамуына нысаналы жәрдемдесудің, кәсіпкерлікті дамытудың, инновацияларды ендірудің икемді механизмдерін тұжырымдау қажеттігі атап өтілді.

Осыған байланысты Сергей Глазьев 2025 жылға дейінгі стратегияларды іске асыру механизміндегі стратегиялық жоспарлаудың түйінді рөліне назар аударды.

«Стратегиялық жоспарлау жұмыстың кешенді тәсілдемесін қолдануға, жаңа технологиялық салтқа көшу кезінде неғұрлым көп қайтарым беруге қабілетті басым бағыттарға ресурстарды шоғырландыруға және Одақтағы интеграциялық процестерді тездетуге мүмкіндік берді», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.


Кеңеске қатысушылар мүше мемлекеттердің ЕАЭО туралы шартта беркітілген экономикалық өсудің орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мағынасын: инфляция деңгейін, шоғырландырылған бюджеттің жылдық тапшылығын және мемлекеттік басқару секторының борышын сақтау мәселесін де талқылады.

Бұл көрсеткіштердің экономикалық дамудың орнықтылығы картинасын толық шамада бейнелемейтіні атап өтілді, осыған байланысты оның тізбесін кеңейту ұсынылды.

Одақ мемлекеттеріндегі инфляциялық процестерді тездету факторларының бірі — әлемдік азық-түлік бағаларының өсуі болып отыр. Оларды ұстап тұру үшін Үкіметтер бірқатар шаралар қабылдауда, атап айтқанда, баға белгілеу тікелей реттелуде. Бұл шараларды өндірушілер мен инвесторлар бір мәнде қабылдап отырған жоқ және бұлардың қорытынды нәтижесі әрқашан айқын емес. Осыған байланысты Комиссияға 2020-2021 жылдары елдерде қабылданған бағаны мемлекеттік реттеу шараларына салыстырмалы талдау жүргізу және олардың тиімділігін бағалау ұсынылды.

Анықтама
2021 жылғы 5 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар 2025 жылға дейінгі стратегиялардың шаралары мен механизмдерін іске асыру жөніндегі нақты іс-шараларды, олардың мерзімі мен орындау нәтижелерін, сондай-ақ жауапты орындаушыларды қамтиды.
Мүше мемлекеттердің Экономика министрліктері басшыларының кеңесі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Экономика министрліктері басшыларының тұрақты кеңесін өткізу туралы» № 2 өкіміне сәйкес өткізіледі.