Жаңалықтар

19.05.2022 (Обновлено: 27.05.2022 10:28)

ЕАЭО елдері темекі бұйымдары мен олар бөліп шығаратын заттарды есепке алуды жүргізетін болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағында күнтізбелік жыл ішінде өткізілген темекі бұйымдары мен олар бөліп шығаратын заттардың құрамы туралы есептің нысанын бекітті.

Есептің бекітілген нысаны ЕАЭО елдерінің денсаулық сақтау саласындағы органдарына темекі бұйымдарын өндірушілерден олардың құрамы, темекіге қосылатын ингредиенттер, пайдаланылатын темекі емес ингредиенттер, сондай-ақ олар бөліп шығаратын заттар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. 

Есепте ұсынылатын деректерді беру мен сақтаудың құпиялылығын қамтамасыз ететін электрондық жүйенің ЕАЭО-ның әрбір мемлекетінде әзірленуі және пайдалануға берілуі көзделген. Алғашқы есептер келесі жылы, Одақ елдерінде электрондық жүйе пайдалану үшін іске қосылғаннан кейін дайындалатын болады.