Жаңалықтар

01.10.2024

ЕАЭО елдері азаматтық авиация саласындағы заңнамалық тәсілдемелерді жақындастыруға келісті

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 1 қазанда Ереванда өткен Үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық «бестік» елдерінің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі өкімді мақұлдады.

Қабылданған құжатқа сәйкес ЕАЭО елдерінің үкіметтері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы саласындағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нормалары мен қағидаттарына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Атап айтқанда, ЕАЭО-ның басқа мемлекетінің аумағына ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ немесе ұшуға жарамдылығын уақытша жоғалтқан әуе кемесін өткізу кезінде хабардар ету тәртібі, сондай-ақ осындай әуе кемесінің ұшуына рұқсат беру үшін негіздемелер айқындалатын болады.

«ЕҮАК өкімі ИКАО стандарттары мен мемлекеттердің қолданыстағы практикасы негізінде ақпараттандыру тәртібі мен ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ немесе ұшуға жарамдылығын уақытша жоғалтқан әуе кемесінің ұшуына рұқсат беру үшін негіздемелер туралы үйлестірілген нормаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Кейіннен мүше мемлекеттер ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуді ұйымдастыратын болады», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.

Өкімді іске асыру Одақ кеңістігінде әуе көлігі қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған.