Жаңалықтар

20.06.2022 (Обновлено: 04.07.2022 16:29)

2021 жылы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау жүргізуге бизнес-қоғамдастықтың қатысу белсенділігі айтарлықтай өсті

Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшыларына 2021 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне (РӘБ) бағалау жүргізу мониторингі ұсынылды.


«Өткен жылы Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылау шеңберінде кәсіпкерлердің ұсыныстарының жалпы саны 29% артты. Бұл Одақ елдерінің кәсіпкерлік және сарапшылық қоғамдастығының РӘБ рәсіміне сұранысты болу деңгейінің өскенін растайды»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев.
Бұл ретте бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын есепке алу үлесі шамамен 70% құрады, яғни Комиссия Одақ шеңберінде ұлтүсті реттеуді енгізу кезінде іскер топтардың пікірін мұқият тыңдайды. Оң қорытындылар саны 87% құрайды. Бұл Комиссия қабылдайтын шешімдердің басым көпшілігі Одақта бизнес жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталғанын растайды.

Бұл құралды одан әрі жетілдіру үшін 2021 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде Комиссия қабылдаған шешімдердің нақты әсерін бағалау механизмін енгізуді және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттар жобаларына РӘБ рәсімін қолдануды көздейтін Одақ туралы шартқа түзетулер дайындалып, келісілді және оларға мемлекет басшылары қол қойды.

Анықтама

РӘБ - бұл ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсерін бағалау рәсімі, оны жүргізу кезінде Одақ елдері бизнесінің позициясы ескеріледі.

РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдағы бағалау – Одақ сайтында ЕЭК шешімінің жобасын ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн болатын жария талқылау және қорытынды бағалау - ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобы РӘБ туралы қорытынды дайындауы.