Жаңалықтар

26.05.2022

Бішкекте Бірінші Еуразиялық экономикалық форум ашылды

26 мамырда Бішкекте Бірінші Еуразиялық экономикалық форум ашылды. Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы Акылбек Жапаров құттықтау сөз сөйледі. 
«Бүгінде өркениеттік алға басу Батыстан Шығысқа қарай жүріп жатыр, ауырлықтың экономикалық орталығы Азия континентіне ауысуда. Егер Еуропаға терезе жабылса, біз Азияға қақпаны ашуға дайынбыз. Біздің Одақ үстем жағдайға ие болуы керек. Жаһандану және әлемдік қаржы-экономикалық жүйеде дағдарыстық құбылыстардың сақталуы жағдайында интеграциялық процестер бұрынғыдан да өзекті және маңызды бола түсуде. Қатысушы елдер үшін Одақтың өзара тиімділігі айдан анық. Бізде бұдан арғы интеграция үшін зор әлеует бар, оны одақтық бағдарламалар тиімді дамытуда, бұл өндірістік қуаттарды жүктеуге, қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыруға және әлемнің көптеген еліне экспорттық жеткізілімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы өз нарығыңды дамыту — бұл барынша аз міндет. Барынша көп міндет — сыртқы нарықтағы позицияларды нығайту болып табылады», — деп мәлімдеді Министрлер Кабинетінің басшысы.
 
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович қырғыз тарапына форумды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді және оған деген үшінші елдер тарапынан жоғары қызығушылықты атап көрсетті.

    

«Форумға әлемнің 25 елінен 2500 қатысушы тіркелді. Бүгін практикалық нәтижесі болатын 17 ынтымақтастық бағдарламалары мен келісімшарттар жасасу жоспарланып отыр. Мысалы, таяу күндердің өзінде «Евразиялық агроэкспресс» бағдарламасы бойынша бүгінгі қол қойылған келісімнің қорытындысы бойынша Ресей Федерациясына Қырғыз Республикасынан өнімнің алғашқы тонналары жеткізіледі», — деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
 

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі