Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізген мониторингі барысында ЕАЭО мемлекеттерінен әкелінетін және өткізілетін ветеринариялық дәрілік препараттар үшін ресейдің уәкілетті органы беретін GMP сертификатын алу бойынша талаптың Еуразиялық экономикалық одақ құқығына сәйкестігі туралы мәселе қаралды.
Комиссия мен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының бірлескен жұмысының арқасында Комиссия Кеңесі ұлттық заңнамаға сәйкес берілген ветеринариялық дәрілік заттар өндірісінің сәйкестігін растайтын құжаттарды өзара тануды көздейтін шешім қабылдады. Шешім биылғы жылы 20 қазанда күшіне енді.
Мониторинг қорытындылары мен жүргізілген жұмыстың нәтижелерін қарап, Комиссия Алқасына тосқауыл белгілері бар кедергіні жою туралы хабарланды.
«Комиссия Кеңесі қабылдаған шешім Ресей аумағында ветеринариялық препараттарды әкелуді және өткізуді едәуір жеңілдетеді, осылайша біздің Одақтың бірыңғай аумағында олардың еркін қозғалысын қамтамасыз етеді деп сенеміз», – деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян.