Навіны

04.06.2024

ЕЭК трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай күйі туралы баяндады

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссияның 2023 жылға арналған трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және оларға бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есебін мақұлдады.


Есепті кезеңде Комиссия алдыңғы кезеңдерден ауысатын рәсімдер аясында, сондай-ақ келіп түскен өтініштер мен материалдарды қарау режимінде ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруды жалғастырды. 2023 жылы келіп түскен өтініштер ЕАЭО мемлекеттері экономикаларының құрылыс, фармацевтика, химия және азық-түлік салаларын қамтыды.

Есепте Комиссияға келіп түскен барлық 15 өтініш пен материалдар туралы толық ақпарат берілген. Одақ құқығын бұзу белгілерінің ең көп саны жосықсыз бәсекелестікке қатысты болды, мұндай материалдардың саны – 10. Төртеуінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері, біреуінде бәсекелестікке қарсы келісімнің белгілері болды.

2023 жылы Комиссия 8 тергеу жүргізді, бір ескерту берілді, 11 іс қарастырылуда. Істерді қарау қорытындысы бойынша Комиссия Алқасы 7 шешім қабылдады.

Бұдан басқа, есепте Одақ елдерінде тауар нарықтарында мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы хабарламаларды қарау нәтижелері көрсетілген. ЕАЭО құқығын және мүше мемлекеттердің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат қамтылған. Бәсекелестікті адвокаттандыру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Комиссияның қызметі жеке блокпен жарияланды. Үкіметаралық кеңес мақұлдаған бәсекелестік туралы жылдық есеп Одақтың ресми сайтында жарияланатын болады.