Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев пен Анд қоғамдастығының Бас хатшысы Хорхе Эрнандо Педраса Бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Анд қоғамдастығына қатысушы елдердегі Елшілерінің және Елшіліктері өкілдерінің қатысуымен іс-шара 25 тамызда онлайн-форматта болып өтті.
Бағдарлама бәсекелестік саясаты және құқық қолдану саласындағы ынтымақтастық жөнінде тұрақты жұмыс тобын құруды, бәсекелестікті реттеу бойынша тәжірибе алмасуды, бәсекелестіктің бұзылуына тергеп-тексеру жүргізуді және тауар нарықтарын зерделеуді және т.б. көздейді.«Біз үшін өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимылды тереңдету ерекше қызығушылық туырады, өйткені ұлттық реттеу ұлтүсті реттеудің бәсекелестік саласында құқық қолдану ерекшеліктерінің аспектілері мен күрделіліктерін әр кез көрсете бермейді», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.
«Бәсекелестік мәселелері бойынша Комиссия мен Анд қоғамдастығының арасындағы диалог соңғы жылдар ішінде дамыды, әртүрлі бағыт бойынша ақпараттық материалдар алмасу болып өтті. Сөйтіп, Ынтамақтастық бағдарламасына қол қою соңғы жылдары іске асырылып келген өзара іс-қимыл механизмдерін заң жүзінде бекітеді», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.