Жаңылыктар

26.08.2021

ЕЭК және Анд қоғамдастығы Бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев пен Анд қоғамдастығының Бас хатшысы Хорхе Эрнандо Педраса Бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Анд қоғамдастығына қатысушы елдердегі Елшілерінің және Елшіліктері өкілдерінің қатысуымен іс-шара 25 тамызда онлайн-форматта болып өтті.

Бағдарлама бәсекелестік саясаты және құқық қолдану саласындағы ынтымақтастық жөнінде тұрақты жұмыс тобын құруды, бәсекелестікті реттеу бойынша тәжірибе алмасуды, бәсекелестіктің бұзылуына тергеп-тексеру жүргізуді және тауар нарықтарын зерделеуді және т.б. көздейді.
«Біз үшін өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимылды тереңдету ерекше қызығушылық туырады, өйткені ұлттық реттеу ұлтүсті реттеудің бәсекелестік саласында құқық қолдану ерекшеліктерінің аспектілері мен күрделіліктерін әр кез көрсете бермейді», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

ЕЭК министрі бірінші кезеңде жұмыс тобы шеңберінде роумингтің күшін жою тәжірибесін және цифрлық нарықтардағы зерттеулерді талқылауды ұсынды.

«Бәсекелестік мәселелері бойынша Комиссия мен Анд қоғамдастығының арасындағы диалог соңғы жылдар ішінде дамыды, әртүрлі бағыт бойынша ақпараттық материалдар алмасу болып өтті. Сөйтіп, Ынтамақтастық бағдарламасына қол қою соңғы жылдары іске асырылып келген өзара іс-қимыл механизмдерін заң жүзінде бекітеді», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Хорхе Эрнандо Педраса «Бағдарламаға қол қою ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың маңызды белесі болады және әлеуметтік әрі экономикалық байланыстарды нығайтуға көмектеседі» деп атап өтті.

Тараптар талқылау үшін бірінші кезектегі тақырып ретінде цифрлық нарықтарды таңдап ала отырып, жұмыс тобы форматындағы өзара іс-қимыл неғұрлым өзекті болатын жекелеген салаларды белгілеп көрсетті.


Анықтама

Анд қоғамдастығы – Оңтүстік Америкадағы: Боливия, Колумбия, Эквадор және Перу елдерінің өңірлік әлеуметтік-экономикалық достастығы. Іс жүзінде бұл кеден одағын құру мақсатындағы еркін сауда аймағы. Оңтүстік Американың тағы төрт елі: Аргентина, Бразилия, Уругвай, Чили Анд қоғамдастығының қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Анд қоғамдастығының Бас хатшылығы арасында 2017 жылы қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум қолданылады.