Նորություններ

20.08.2021

Михаил Мясникович 19-20 тамыздағы Үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 19-20 тамызда Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) көзбе-көз форматта болып өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары туралы журналистерге айтып берді. - Бүгінгі таңда тауарлардың ішкі нарықта жіксіз ілгерілеуіне теріс ықпал ететін кедергілер әлі де бар. Осы жағдаятқа орай Үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында 2021-2022 жылдары жоюға жатқызылған алып қоюлар мен шектеулердің тізбесін бекітті. Онда 14 кедергі: 13 шектеу, 1 алып қою бар, бұл елдер арасындағы сауданы жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз. Яғни екі жыл ішінде осы кедергілердің үштен бірін нақты жою ұсынылып отыр.
Экологиялық күн тәртібі жайында. Жұмыс органы ретінде жоғары деңгейдегі топ қалыптастырылады және ол мемлекет басшыларының бастамалары мен ұсыныстарын орындау үшін тығыз байланысу тұрғысында жұмыс істейтін болады.

Көлік саясатына келсек, жол картасы 50 позицияны қамтиды. Бұл - нормативтік-құқықтық базаны жасау ғана емес, сонымен бірге, жүктердің біздің елдеріміздің арасында да, көлік әлеуетін пайдалана отырып та өткізілуі.

Барлық үкімет басшыларына белсенді жұмыстары үшін зор алғысымызды білдіреміз. Еуразиялық экономикалық комиссия алдында өте үлкен міндеттер тұр, бұларды біз белгіленген тәртіпте іске асыруды жоспарлап отырмыз және бұл міндеттер бойынша үстіміздегі жылы тиісінше қазанда Ереванда және желтоқсанда Алматыда өтетін Үкіметаралық кеңес пен Жоғары кеңестің отырыстарында баяндайтын боламыз.