Նորություններ

26.08.2021

Азаматтардың назарына! COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін ЕАЭО-ға уақытша әкелінген автомобильдер 30 қыркүйекке дейін шығарылуға тиіс

COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы басталғанға дейін азаматтар уақытша әкелген автомобильдердің Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында болу мерзімі биылғы 30 қыркүйекте аяқталады. Көлік құралдарын уақытша әкелген азаматтар оларды кері әкету жөніндегі өз міндеттемелерін шекаралардың жабық болуына байланысты белгіленген мерзімде орындай алмады, бұл оларды елеулі материалдық шығынға ұшыратар-ды.

Сол себепті Еуразиялық экономикалық комиссия жеке тұлғалардың кедендік төлемдерді төлемей, пандемия басталғанға дейін уақытша әкелген жеке автомобильдері мен басқа да көлік құралдарының болу мерзімін бірнеше мәрте – әуелі 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін, кейін 2021 жылғы 31 наурызға дейін, соңынан 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартты.

Автомобильдер мен басқа да көлік құралдарын биылғы 30 қыркүйекке дейін шығарып әкетпеген жағдайда кедендік баждар мен салықтарды толық көлемінде төлеу қажет болатынына мүдделі азаматтардың назарын аударамыз.