Еуразиялық технологиялық платформалардың ресейлік түрлері негізінде қалыптастырылуы басталды. Беларусь және Қазақстан Тараптары үшін 9 ресейлік технологиялық платформаларының жұмыстарының таныстырылымы өтелді (Болашақ медицинасы, Биоиндустрия және биоресурстар, Биоэнергетика, Экологиялық даму технологиялары, Фотоника, Жарық диодтық технологияларды дамыту, Мехотроника, орнатылатын басқару жүйелерінің, радиожиіліктік бірегейлендіру және құлтемір жасап шығару технологиялары, Ұлттық бағдарламалық платформа, Ұлттық суперкомпьютерлік платформа).
Бастапқы төрт платформа бойынша қатысу үшін беларусиялық және қазақстандық ұйымдар тізімі анықталды. Беларусиялық және қазақстандық ұлттық бағдарламалардың үйлестірушілерінің ресейлік техплатформалардың басқарушы органдарына ену мәселесі келісілді. Меморандум жобалары дайындалды және ЕЭК құқықтық Департаментімен мақұлдануда.
ЕЭК біріккен инновациялық жобаларға шыға отырып үш тараптық серіктестіктің жол карталарын әзірлеу қарастырылған техплатформалармен серіктестігі туралы.
Техплатформалардың екінші топтамасы бойынша (Фотоника, Жарықтық диодтық технологияларды дамыту) жұмыстық жиналыстар өткізілді, олардың төңірегінде аталған салаларда өнеркәсіптік ұйымдардың дамуына қатысты маңызды мәселелер тізімі анықталған. Атап айтқанда лазерлік және жарықтық диодтық технологиялы жабдықтар нарығы ЕЭК төңірегінде ұйымдастырылмаған, шашыраңқы күйде болатындығы анықталды:
· ешқандай құжаттармен ұсынылмайтын, Қытайдан әкелінетін сапасы төмен импрттың көлемінің көптігі;
· сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының ескірген кодтары қолданыста, олар аталған өнім саудасының көлемін қадағалауға және ішкі нарық пен ондағы отандық өндірушілердің үлесінің әлеуетін бағалауға мүмкіндік бермейді;
· өзінің мәртебесі мен қаржылық мүмкіндіктерінің төңірегінде ЕЭК ішкі нарығының аталған сегменттерінің жүйелік мәселелерін шеше алмайтын орта және шағын ұйымдардың басым болуы.
Отырыста Департамент пен технологиялық платформалар арасында жүйелік мәселелерді шешу үшін және өнеркәсіптің осы инновациялық салаларын дамыту кедергілерін жою үшін ЕЭК ішкі нарығының аталған сегменттерінің жұмысын ретке келтіру бойынша бірлескен жұмысты ашық ету туралы келісім жасалды..