Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды үйлестіру

СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ    

Сәйкестікті бағалау

Сәйкестікті бағалау - техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақтаудың тура немесе жанама ұғымы.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Одақтың техникалық регламенттерінде бекітілетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау,тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынаулар, сәйкестігін растау, сараптау нысандарында және (немесе) өзге де нысанда жүргізіледі.
 

Сәйкестікті міндетті растау сәйкестік декларациясы мен сертификаттау нысанында және де тек қана Одақтың тиісті техникалық регламентімен бекітілген жағдайларда ғана, және де Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігіне қарай жүзеге асырылады.





Сәйкестікті бағалау нысандары, сызбалары мен рәсімдері Комиссия бекітетін сәйкестікті бағалаудың типтік сызбаларының негізінде бекітіледі.
 ​
 
​ 

Сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларды ресімдеудің қағидаларын қолдану жайындағы өзекті сұрақтарға берілген жауаптар мына сілтеме бойынша жарияланған.

Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы өзге сұрақтарға берілген жауаптар "Өзектісұрақтар
" бөлімінде жарияланады​

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
 
 

Өлшем бірлігі - өлшемдердің жағдайлары, бұл ретте сол өлшемдердің нәтижелері мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерімен көрсетілген болады, ал өлшемдердің дәлдік көрсеткіштері бекітілген шектемелерден аспайтын болады.


Қазіргі уақытта Комиссияның 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген осы саладағы метрологиялық жұмыстардың нәтижелерін мойындау рәсімдерін жеңілдетуге және де Одаққа мүше мемлекеттерде жасалған өлшем құралдарының еркін тасымалдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін барлық актілері қабылданды әрі күшіне енгізілді.​
 
 
 
​​​​
​​​​​​​​​