Қаржы департаменті туралы
ереже Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 26
сәуірдегі №122 бұйрығымен бекітілді.
Департаменттің негізгі
міндеттері:
• Комиссияның бюджетін қалыптастыру;
• Комиссияның бюджетін атқару;
• қаржылық, бухгалтерлік және
салықтық есепті жүзеге асыру;
• қаржылық, бухгалтерлік және
салықтық есептілікті жасау.
Міндеттерді орындау шеңберінде
Департамент мынадай функцияларды жүзеге асырады:
• Комиссияның басқа құрылымдық
бөлімшелерімен бірлесіп, Комиссия бюджетінің жобасын, Комиссия бюджетіне
енгізілетін өзгерістердің жобасын дайындайды;
• Комиссия бюджеті жобасының
шығыс баптары бойынша құжаттамаларды және есеп айырысуларды негіздейтін
түсіндірме жазба дайындауды жүзеге асырады;
• Департаменттің құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша Тараптардың уәкілетті мемлекеттік билік органдарымен және
Тараптардың мемлекеттік бюджеттік (бюджеттен тыс) қорларымен өзара іс-қимыл
жасайды;
• Комиссияның
құрылымдық бөлімшелерінің Комиссия бюджетін атқару бойынша қызметтерін
үйлестіріп отырады;
• Комиссия бюджеті шығыстарының
бюджеттік жазба тізімдемесін жасауды және жүргізуді жүзеге асырады;
• Комиссия бюджеті шығыстарының
бюджеттік жазба тізімдемесіне сәйкес Комиссия бюджеті қаражатының жұмсалуын қамтамасыз етеді;
• Комиссия бюджетінің
атқарылуына мониторингті жүзеге асырады;
• қаржы есебінің жүргізілуін
және қаржылық есептіліктің жасалуын жүзеге асырады;
• Комиссия
бюджетінің атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептердің жасалуын жүзеге
асырады;
• бухгалтерлік есептің жүргізілуін
және бухгалтерлік есептіліктің жасалуын жүзеге асырады;
• Тараптардың заңнамасына сәйкес салық есебін жүргізуді және салықтық есептіліктің жасалуын әрі ұсынылуын жүзеге асырады;
• Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер
бойынша халықаралық шарттардың, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Комиссия шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;
• Департаменттің құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша Комиссия Кеңесінің мүшелері мен Комиссия Алқасының
мүшелері үшін талдамалық және анықтамалық материалдар дайындайды;
• Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бөлігінде Комиссияның қаржылық-шаруашылық шарттарының жобаларына қаржылық сараптаманы жүзеге асырады;
• мемлекеттік
бюджеттерді қалыптастыру және атқару функциялары жүктелген Тараптардың
уәкілетті органдары қаржылық бақылауды жүзеге асыруы кезінде Комиссиядағы
құрылымдық бөлімшелердің қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады;
• бюджеттік процесті ұйымдастыру және басқару тиімділігін арттыру мақсатында
ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және
өзге де жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
• өз құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Департаментте бес бөлім
құрылған: