Қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Департамент Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тосқауылдарды, алып қою мен шектеулерді анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда Одақтың жалпы интеграцияланған ақпараттық жүйесінің шеңберінде Тосқауылдар тізілімі, Шектеулер тізілімі, Өтініштер тізілімі және Алып қоюлар тізілімі қалыптастырылды, Еуразиялық экономикалық интеграцияның ерекшелігін ескере отырып, "алып қою" және "шектеу", сондай-ақ "тосқауыл" ұғымдарының мәні айқындалды.
Тосқауылдар – Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына және олардың Одаққа мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізуіне Одаққа мүше мемлекеттердің қолданыстағы не қабылданған, бірақ күшіне енбеген заңнама нормаларының немесе мүше мемлекеттерде қалыптасқан құқық қолдану практикасының Одақ құқығына сәйкес келмеуі салдарынан туындайтын кедергілер.
Алып қоюлар – Одаққа мүше мемлекеттің Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуінің жалпы қағидаларын қолданбауы бөлігінде Одақ құқығында көзделген алып тастау (шегіну).
Шектеулер – Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы және олардың Одаққа мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізуі үшін экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің болмауы салдарынан туындаған, дамуы Одақ құқығында көзделген кедергілер.
Комиссияның бизнес-қоғамдастықпен және Одақ азаматтарымен өзара іс — қимылының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қолданатын алып қоюлар мен шектеулердің, анықталған тосқауылдардың және оларды жою бойынша қабылданатын шаралардың ашықтығы мен анықтығын арттыру үшін кең аудиторияға бағдарланған "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарықтарының жұмыс істеуі" арнайы ақпараттық ресурсы құрылды. Осы порталда Одақтың азаматтары мен заңды тұлғалары тосқауылдарды анықтау және жою, алып қоюлар мен шектеулерді барынша қысқарту жөніндегі жұмыстың ағымдағы жай-күйімен жете таныса алады, анықталған кедергілер туралы ақпарат бере алады, сондай-ақ олардың мәртебесін қадағалап отыра алады.
Ресурс мына мекенжай бойынша орналасқан: https://barriers.eaeunion.org