1980 жылғы 21 сәуірде Бішкек қаласында туған, Қырғыз Республикасы.
2003 жылы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетін «Кәсіпорын экономикасы» мамандығы бойынша бітірген, Бішкек қаласы, Қырғызстан
2012 жылы Рицумейкан Университетін «Экономикалық даму» мамандығы бойынша бітірген, Киото қаласы, Жапония
2004 жылы Ғылым және зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік агенттік (ҚырғызПатент) жанындағы Мемлекеттік инновациялық технологиялар орталығында І санатты маман болып жұмыс істеді.
2004-2006 жылдары – Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің үйлестірушісі.
2006-2009 жылдары – ҚР Экономика және қаржы министрлігінің орта мерзімді болжау бөлімінің бас маманы.
2009 жылы – ҚР Экономика және қаржы министрлігінің МЖӘ жобалары бойынша фискалдық тәуекелдерді басқару секторының меңгерушісі.
2009-2010 жылдары – Даму, инвестициялар және инновациялар жөніндегі орталық агенттіктің Бюджет қызметінің сарапшысы.
2012-2014 жылдары – ҚР Үкіметі Аппараты өңірлік даму, көлік, құрылыс және коммуникациялар бөлімінің сарапшысы.
2014-2015 жылдары – ҚР Үкіметі Аппараты экономика және инвестициялар бөлімінің интеграциялық процестер және макроэкономика секторының меңгерушісі.
2015-2018 жылдары – ҚР Экономика министрінің орынбасары.
2018 жылы ҚР Үкіметі Аппараты экономика және инвестициялар бөлімінің меңгерушісі болды.
2018 жылдан 2021 жылға дейін – ҚР Президенті Аппараты стратегиялық даму, экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі.
2021 жылғы ақпаннан бастап 2021 жылғы қазанға дейінгі аралықта ҚР Экономика және қаржы министрінің бірінші орынбасары болды.
2021 жылғы 10 қарашадан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры.