Оросбаев Азамат Токтогонович

Оросбаев Азамат Токтогонович

Өмірбаян

Азамат Токтогонович Оросбаев 1976 жылғы 16 маусымда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) туған.

Бішкек гуманитарлық университетін ««әлемдік экономика» мамандығы бойынша, Қырғыз мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, Ж. Баласагын атындағы Қырғыз Ұлттық университеті жанындағы Экономика және қаржы институтын үздік бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитетінде бастады.Бірінші санатты маманнан бастап Ұлттықстатком төрағасының орынбасары, бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Соңғы үш жылда, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссиямен және ТМД елдері мен шет елдердің мемлекеттік статистика органдарымен ынтымақтастықты қадағалап, жетекшілік жасап отырды.

«Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитетінің статистика үздігі» белгісімен наградталған. Қырғыз Республикасы мемлекеттік қызметінің үздігі. Қырғыз Республикасы Президентінің алғысын, Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің алғысын алған.

2021 жылғы 14 мамырдан бастап ЕЭК-тің Статистика департаментінің директоры болып тағайындалды.