Еуразиялық экономикалық комиссия халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін және тасымалдаушы жеткізетін, сондай-ақ сүйемелді алып жүрілетін және (немесе) сүйемелді алып жүрілмейтін жолжүгінде жер үсті көлігімен немесе жаяу әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің уақытша "көтеріңкі" нормаларының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталғанын хабарлайды.
1 сәуірден бастап нормалар былай құралды:
200 еуро және 31 кг – пошта немесе тасымалдаушы арқылы жеткізу үшін.
500 еуро және 25 кг – жер үстімен алып өту үшін.