11.07.2019
Жас дипломаттардың бірлестігі Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса алады
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Жас дипломаттар кеңесімен (РФ СІМ ЖДК) бірлесіп Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің СІМ-терінің жас мамандарының өзара іс-қимылы үшін бірыңғай алаң - Еуразиялық экономикалық одақтың Жас дипломаттар қауымдастығын (ЕАЭО ЖДҚ) құру мүмкіндігін қарастыруда. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Жас дипломаттар кеңесімен (РФ СІМ ЖДК) бірлесіп Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің СІМ-терінің жас мамандарының өзара іс-қимылы үшін бірыңғай алаң - Еуразиялық экономикалық одақтың Жас дипломаттар қауымдастығын (ЕАЭО ЖДҚ) құру мүмкіндігін қарастыруда.Бұл жаңа құрылым Одақ аумағында экономикалық дипломатия туралы ашық диалогты дамытуға ықпал еткен болар еді. ЕЭК Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков Еуразиялық кеңістіктегі жас дипломаттардың «2014-2019 жылдардағы Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестер: қорытындылар мен перспективалар» VI Форумы шеңберіндегі «Еуразиялық кеңістікте экономикалық дипломатияны дамыту мүмкіндіктері» жалпы отырысында осы туралы мәлімдеді. ЕЭК өкілдері бірінші рет қатысқан бұл іс-шара 10 шілдеде Мәскеуде Халықаралық сауда орталығында өтті.Данияр Турусбеков нақ осы жас дипломаттардың бірлестігі Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса алады деген сенім білдірді. «Мүше мемлекеттердің жас мамандарының бірлестігі Үлкен Еуразия кеңістігінде неғұрлым кең интеграциялық контурдың тоғысу нүктесінің бірі бола алады»,- деп атап өтті ЕЭК өкілі. Ол Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕЭК-тің Жастар кеңесін құру жөнінде жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.Данияр Турусбеков Ресей СІМ ЖДК төрағасы Константин Колпаковқа ЕЭК-пен ынтымақтастығы және мүше мемлекеттердің дипломатиялық қоғамдастығын шоғырландыру жөніндегі жұмысы үшін ризашылығын білдірді.ЕЭК Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры 2018 жылғы 6 желтоқсандағы ЕАЭО-да интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету туралы декларацияда азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қауымдастықтарды ЕАЭО-ның жұмыс істеу процесіне кеңінен тарту және олардың Еуразиялық интеграцияны дамытудың алдағы бағыттарын айқындауға қатысуы басымдық ретінде мәлімделгенін еске салып өтті.Ұзақ мерзімді перспективада мұндай жұмыс ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян барлық алаңдарда бірнеше мәрте айтып, шақырып жүрген Еуразиялық элитаны қалыптастыруға да ықпал ете алар еді. «Осы орайда ЕАЭО елдері жас дипломаттарының бірлестігі – жаңа идеялармен алмасу үшін орта құруға және Еуразиялық интеграцияны дамытудың алдағы бағыттарын айқындауға бағытталған қадам»,- деп атап көрсетті Данияр Турусбеков.ЕЭК Департаментінің директоры ағымдағы жылғы 25 қыркүйектен бастап 27 қыркүйекке дейінгі аралықта Бішкекте төртінші «Еуразиялық апта» халықаралық форумы өтетіні туралы айтты және ЕАЭО қызметінің қорытындыларын бірлесіп шығару әрі Одақтың даму перспективаларын талқылау үшін жас дипломаттарды форум шеңберіндегі ЕАЭО-ның Жас көшбасшысы мектебіне қатысуға шақырды.Бұдан басқа, ЕАЭО туралы шарттың 5 жылдығын және Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Ресей СІМ қолдауымен дәстүрлі Жазғы дипломатиялық ойындар өтеді, сондай-ақ бильярд бойынша «Еркін пирамида» әлем чемпионаты өткізіледі, оның бастамашысы ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян болып табылады. Чемпионат Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы алдында, 7 тамыздан бастап 14 тамызға дейінгі аралықта Қырғызстанда Ыстықкөл жағалауында өтеді. Бұл іс-шаралардың бәрі ЕАЭО елдері жастарын, жас мамандарды барлық алаңдарда бірыңғай жұмысқа кеңінен тартуға бағытталған.