27.01.2016
ЕЭК Алқасының Төрағасы Виктор Христенко: «Біз ұлттықтан жоғары нормаларды әлемдік үздік тәжірибелерге негізге ала отырып, оларды ұлттық нормалардан тиімдірек етуге тырыстық»
26 қаңтарда төртжылдық өкілеттік мерзімі осы жылдың 1 ақпанында аяқталатын Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының бірінші құрамының соңғы отырысы өткізілді. 26 қаңтарда төртжылдық өкілеттік мерзімі осы жылдың 1 ақпанында аяқталатын Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының бірінші құрамының соңғы отырысы өткізілді.
ЕЭК Алқасының Төрағасы Виктор Христенко, жұмысты қорытындылай келе, ЕЭК Алқа Мүшелеріне (Министрлерге) бірлескен жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.
Ол, атап айтқанда, былай деді:
«Алдыңғы өткен жылдар Еуразиялық экономикалық одақтың және Комиссияның қалыптасуы үшін, интеграциялануды тереңдету үшін аса маңызды жылдар болды.
Біздің алдымызда жаһандық міндеттер тұрды.
Түгел осы уақыт ішінде біз Одақтың елдеріндегі бизнес-қоғамдастықтармен тығыз байланысқан диалогта біз ұлттықтан жоғары нормаларды әлемдік үздік тәжірибелерге негізге ала отырып, оларды ұлттық нормалардан тиімдірек етуге тырысып еңбек еттік.
Біз Алқаның жаңа құрамына жақсы дайындаманы қалдыра отырып, негізгі міндеттерді орындап шықтық».
Еуразиялық интеграцияны дамыту жөніндегі міндеттерді шешуге қосқан зор үлестері үшін ЕЭК Алқасының Төрағасы өз қызметтерінен босатылатын ЕЭК Министрлеріне құрмет грамоталарын:
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Министр Владимир Гошинге,
ЕЭК Сауда-саттық жөніндегі Министр Андрей Слепневке, ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Министр Тайыр Мансұровқа, ЕЭК Министрі Ара Нранянға, ЕЭК Министрі Роберт Арутюнянға табыс етті.
Жаңа құрамдағы Комиссия Алқасының Мүшелері 1 ақпанда өкілеттік мерзімі аяқталатын Виктор Христенкоға алғыстарын білдірді.
Арменияның атынан ЕЭК Министрі Карине Минасян мен Қырғызстанның атынан ЕЭК Министрі Данил Ибраев Комиссия Алқасының Төрағасына «оның өзінің күш-жігерлі талпыныстарының арқасында Еуразиялық экономикалық одақта бес тудың ұсынылғандығы үшін» алғыстарын білдірді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында макроэкономика, сауда-саттық, кедендік ынтымақтастық, ақпараттандыру, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу,
техникалық реттеу салаларындағы мәселелері қаралды.
ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шеңберінде бірыңғай сандық кеңістік құрудың қажеттігі туралы
мәселені талқылауды бастады.
Алдыңғы өткен отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде бірыңғай сандық кеңістік құру жөніндегі іс-шаралар туралы” ЕЭК Кеңесінің өкімінің жобасы мақұлданды.
Бұл мәселе Одақтағы мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерімен талай рет түрлі алаңдарда, соның ішінде ЕЭК өзара әрекеттестік жөніндегі Консультативтік кеңестің және белорус-қазақстан-ресей бизнес-қоғамдастықтарының отырыстарында, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің Президиумында қозғалып жүрген болатын.
Өкімде көзделген іс-шаралардың шеңберінде трансшекаралық нарықтарда мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін сандық технологияларды тиімді пайдалану туралы,
ішкі және сыртқы нарықтарда тауарлар мен қызметтердің сауда-саттығы құрылымындағы сандық коммерцияның үлесін ұлғайту туралы,
шағын және орта бизнестің Одақтың барлық елдерінің электронды алаңдарына рұқсат алуы туралы,
ЕАЭО сандық экономикасын дамыту үшін инфрақұрылымды қалыптастыруға деген көзқарастарды жақындастыру туралы мәселелерді талқылау көзделіп отыр.
Кеңестің
Өкімі
Комиссияның, бизнес-қоғамдастықтардың
және Одақтағы
мемлекеттердің мемлекеттік
органдарының өкілдерінен
құралған
жұмыс тобын
құруды
көздеп отыр.