Жаңалықтар

10.06.2024

Андрей Слепнев пен Эйрлангга Хартарто сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев пен Индонезия Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Эйрлангга Хартарто Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелері мен перспективалық бағыттарын талқылады.

«Еркін сауда туралы келісім жасасу біздің елдердің экономикасының экспорттық әлеуетін іске асыруға, оның ішінде тауарларды өзара жеткізуді әртараптандыруға ықпал ететіні сөзсіз», – деп атап өтті Андрей Слепнев.
ЕЭК сауда министрі тараптар болашақ келісім жобасын келісу бойынша айтарлықтай жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Оның айтуынша ЕАЭО елдері мен Индонезия арасындағы сауданы барынша қамтыған кезде артығымен өтеудің өзара тиімді талаптарын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Сонымен қатар Андрей Слепневтің пікірінше, болашақ келісімді тиімді жүзеге асыру үшін тараптардың бизнес-қауымдастықтарының өзара іс-қимылына ықпал ету маңызды.

Индонезия Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылғы 27 мамырда қабылдады. Осы уақытқа дейін келіссөздер жүргізудің төрт кезеңі өтті.