Жаңалықтар

30.09.2024

Андрей Слепнев: «ЕАЭО және Иран бизнесінің тұрақты кездесулері сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша қолда бар мүмкіндіктерді ашуға көмектеседі»

30 қыркүйекте Еревандағы Еуразиялық экономикалық форум – 2024 алаңында уәкілетті органдар, іскерлік бірлестіктер мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ЕАЭО-Иран Бизнес-диалогы өтті.

Іс-шаралар циклі оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың тұжырымдамалық мәселелері талқыланған панельдік пікірталасты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және сауда мен инвестицияларға жәрдемдесетін қаржы құралдары саласындағы практикалық сипаттағы міндеттер қаралған салалық дөңгелек үстелдерді қамтыды. Салалық дөңгелек үстелдер шеңберінде ЕАЭО іскерлік бірлестіктер мен бизнес өкілдері де өздерінің ағымдағы және перспективалық жобаларын таныстырды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев, Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мұхаммед Аттабак, Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоян, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының президенті Александр Шохин, Тегеран қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Махмуд Наджафи, Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Данил Ибраев, «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі –Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов іс-шаралардың негізгі спикерлері ретінде сөз сөйледі.

Қатысушылар 2023 жылғы желтоқсанда бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасында тауар номенклатурасының 90%-на қатысты бажсыз сауда режимін белгілеу көзделетін Еркін сауда туралы толық форматты келісімге қол қою аясында осындай бизнес-диалог жүргізу ерекше өзекті екенін атап өтті.

                          

«Біз өзіміздің барлық күш-жігерімізбен, соның ішінде осы форуммен саудадағы қазыргы бар барлық тосқауылдарды жою үшін жұмыс істеуге тиістіміз. Біздің барлығымыз бір-бірімізге бизнестің жақсы жұмыс жолын салуымыз қажет», - деп аудиторияға арнап мәлімдеді Андрей Слепнев.

Бұл ретте ол ЕАЭО мен Иранның шынайы экономикалық әріптестер болып табылатынына және олардың арасындағы ынтымақтастық үшін барлық перспективалық мүмкіндіктерді іске асыру кезінде осы елдердің жетістіктеріне кепілдік берілетініне сенім білдірді.

«Бүгін осы залда және дөңгелек үстелдерде біз Иранның да, елдеріміздің де бизнес активін жинауға тырыстық. B2B кездесулері де, барлық басқа байланыстар да бүгінгі күні қажет екеніне сенімдімін», - деп атап өтті ЕЭК сауда министрі. Бұл ретте ол желтоқсан айында Тегеранда өтетін кезекті ауқымды еуразиялық көрмеге қатысуға өзінің ниетін білдірді.

«Бизнестің осындай тұрақты кездесулері, сауда инфрақұрылымын, сауда үйлерін құру, есеп айырысу мәселелерін практикалық шешу – міне осының барлығы қолда бар мүмкіндіктерді ашу үшін біз атқаратын жұмыстар», – деп қорытындылады Андрей Слепнев Иран мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымының 12 млрд долларға өсуінің қазіргі бар әлеуетін бағалай отырып.

ЕЭФ-2024 алаңдарында В2В сервисі ұйымдастырылды, ол форумның мүдделі қатысушыларына «нетворкингті» жүзеге асыруға және әлеуетті бизнес-серіктестермен тікелей іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, Иран делегациясының өкілдері ЕЭФ-2024 басқа да сессияларына қатысты.