Жаңалықтар

30.09.2024

Андрей Слепнев: «Саудаға цифрлық технологияларды енгізу бизнестің операциялық және уақыттық шығындарын айтарлықтай азайтады»

Еуразиялық экономикалық форум – 2024 шеңберінде Ереванда «ЕАЭО-дағы сауданың цифрлық трансформациясы: контурлардан іске асыруға» атты сессия болып өтті. Мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен сарапшылар ЕАЭО-дағы сауданы цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттарын, логистиканы оңайлату мен цифрландыруды, цифрлық тауарлармен сауданы дамытуды, сондай-ақ тұтастай алғанда цифрлық саудадағы жаңа үрдістер мен технологияларды қарастырды.

«Кейбір есептеулер бойынша саудаға цифрлық технологияларды енгізу операциялық шығындардың жартысынан астамын қысқартады және уақыт шығындарын айтарлықтай азайтады. Біз мұны жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалардан көріп отырмыз», – деді Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев.

Бұл ретте ол, егер біздің сауда серіктестеріміз қағазсыз технологияларға көшсе, ал Еуразиялық экономикалық одақ елдері көшпесе, сауда кедергілерінің туындауы сөзсіз екенін ескертті. Бүгінгі таңда министрдің айтуынша, цифрлық экономика мен цифрлық сауданың елеулі бөлігі мемлекеттік реттеушіден тыс жатыр, сондықтан қоғамдық қызығушылық пен бизнес еркіндігі арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті табу қажет.

«Біздің елдеріміздің көшбасшылары қол қойған декларацияда 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі перспективада цифрлық сауда саласындағы нақты қадамдардың маңыздылығы белсенді түрде атап өтілді. Қазір біз аталған бағытта не істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі жоспар дайындап жатырмыз», - деп атап өтті Андрей Слепнев.

Бірнеше жылдан бері жұмыс жүргізіліп келе жатқан бағыттардың ішінде министр теміржол тасымалдаушыларының өзара қарым-қатынасы платформасында логистиканы цифрландыруды, сондай-ақ бизнесті өз ағындарымен басқарудың негізін қалайтын тауарларды таңбалау мәселелерін атап өтті. Ендігі кезекте – тұтастай өзара саудада электрондық құжат айналымының базалық моделін қалыптастыру, саудада жасанды интеллектті пайдаланудың неғұрлым табысты мысалдарының тізілімін жасау, смарт-келісімшарттардың орталықтандырылмаған b2b жүйесін енгізу, сондай-ақ ЕАЭО-ның үшінші елдермен еркін сауда аймақтары туралы келісімдерінде электрондық коммерция бойынша бөлімдерді қамтуды кеңейту.

Сондай-ақ, пікірталас қатысушыларымен «Сбербанк» ЖАҚ атқарушы директоры Виктор Сергеев, ЭСКАТО трансшекаралық қағазсыз сауда туралы негіздемелік келісімнің жауапты хатшысы Тенгфей Ванг, Еуропалық бизнес қауымдастығының Бас директоры Тадзио Шиллинг, Қырғыз Республикасы Электрондық коммерция қауымдастығының президенті Айбек Куренкеев, «КВТ» МК операциялық директоры Юлия Панина, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Сыртқы экономикалық қызметті дамыту және реттеу департаментінің директоры Лилия Шур-Труханович, сондай-ақ Еcasb маркетплейсінің В2В өкілі Мохтарам Тагинежад (Иран Ислам Республикасы) өз тәжірибелерімен және пікірімен бөлісті. Кездесудің модераторы ЕЭК Сауда саясаты департаментінің электрондық сауданы реттеу және тауарларды таңбалау бөлімінің бастығы Илья Кабанов болды.