2022-Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Мысырдың, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Иранның делегациялары басшыларымен: Мысыр Араб Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрі Невин Гамеямен, БАӘ Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу жөніндегі мемлекеттік министрі Омар бен Султан аль-Оламамен, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары Алиреза Пейман-Пакпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ еркін сауда туралы келісіммен жұмыс істеудегі алдағы қадамдарды белгіледі.