Жаңалықтар

01.04.2024

Үндістаннан әкелінетін графиттелген электродтарға арналған демпингке қарсы баж бес жылға ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Үндістанда шығарылатын графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы баждың қолданылуын осы күнді қоса алғанда 2029 жылғы 31 наурызға дейін ұзартты.

"Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тауар өндірушілерінің өтініштері негізінде, қолданылатын шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ішкі нарықты қорғау департаменті 2023 жылғы 17 мамырда бастаған демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қабылданды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Үндістаннан әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы баж 2018 жылы белгіленген. Демпингке қарсы баж ставкаларының мөлшері қазіргі сәтте HEG Limited үшін кедендік құнның 16,04 %-ын және Graphite India Limited пен өзге графиттелген электродтар өндірушілер үшін 32,83 %-ын құрайды. Демпингке қарсы баждың қолданылуы қайта тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне ұзартылды.