Жаңалықтар

24.01.2023

Армен Арутюнян дүниежүзілік форумда ЕЭК-тің азық-түлік жүйелерін орнықты қайта құруға қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын таныстырды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған "Азық-түлік жүйелерін орнықты қайта құру үшін қалалық және жергілікті азық-түлік жүйелерін пайдалану" панельдік сессиясы шеңберінде орнықты қайта құруға қол жеткізуде оларды трансформациялау жөніндегі азық-түлік жүйелерінің түйінді рөлі туралы баяндама жасады.

ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық технологияларды ілгерілетудің, соның ішінде қалалық ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ететін және өсіп келе жатқан қалалардағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдері туралы айтып берді.

"Бүгінгі таңда ЕАЭО-да Одақтың барлық елінің бизнес өкілдері арасында инновациялық өнімдерді өндіру мен ендіру және ынтымақтастықты жолға қою бөлігінде тәжірибе және білім алмасу үшін әртүрлі алаңдар қалыптастырылуда",- деп атап өтті Армен Арутюнян.

Форум аясында ЕЭК өкілі бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Еуропадағы және Орталық Азиядағы Өңірлік өкілдігінің өңірлік бағдарламаларының жетекшісі Раймунд Йелемен кездесуде ЕЭК пен ФАО-ның өзара іс-қимылының перспективалы бағыттары талқыланды. Германияның іскер топтарының өкілдерімен тұқым шаруашылығын дамыту, ЕАЭО-дағы тұқым өндірісі, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін өсімдік шаруашылығында инновациялық технологияларды пайдалану, ЕАЭО-ның ішкі нарығында және үшінші елдердің нарықтарында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының экспорты жөнінде логистикалық шешімдер іздеу мәселелері қаралды.