Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Татьяна Молчан көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады, өзара іс-қимылдың перспективалары мен түйінді бағыттарын белгіледі.
Тараптар құзыреттіліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, тәжірибе алмасуға және көліктің жүру жолындағы кедергілер санын азайту бойынша тиімді жұмыс істеуге диалог мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Біз ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасын халықаралық нормалармен және стандарттармен үндестіруге ұмтыламыз, бұл соның ішінде БҰҰ келісімдері мен конвенцияларында тіркелген халықаралық тасымал мен транзитті жеңілдетуге бағытталған", – деп атап өтті Арзыбек Кожошев.
Ол өткен жылы Еуразиялық экономикалық форумға қатысқаны үшін БҰҰ ЕЭК өкілдеріне алғысын білдіріп, 2025 жылғы мамырда Минскіде өтетін ЕАЭО-ның басты іскерлік іс-шарасына қатысуға шақырды.