Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 4 шілдеде Астанада «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты.
Көпжақты диалогты нығайту және орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу тақырыбы жоғары деңгейдегі кездесуде басты тақырыпқа айналды.
Мемлекеттердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың басшылары мәселелердің кең спектрін қарастырды. Мәселен, саммит барысында Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға толық құқылы мүше мемлекет ретінде қабылдау туралы өтінімі мақұлданды.
Бұдан басқа, саммитке қатысушылар өңірдегі сауда-экономикалық өзара іс-қимылды талқылады. Бұл әсіресе ШЫҰ-ға қатысушы елдер экономикасының жоғары даму қарқынын ескере келгенде маңызды. Әлемдік ЖІӨ-нің 30%-дан астамы (38,5 трлн доллар), әлемдік сауданың 16%-дан астамы (5,5 трлн доллар), планета халқының 41%-дан астамы (3 млрд астам адам) солардың үлесіне тиеді.
Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ бір-бірін өзара толықтыра алатын әлеуетке ие. Бұл іскер топтардың кедергісіз экономикалық ортаны қалыптастыруды, өзара саудада ұлттық валюталарда есеп айырысу үлесінің ұлғаюын, ортақ даму институттарын құруды қамтитын диалогқа деген қызығушылығының артуымен расталады.
«ЕАЭО және ШЫҰ елдері — Еуразияның қазіргі заманғы экономикалық архитектурасының маңызды элементтері. Бұл мемлекеттер Еуразия құрлығының өзегін құрайды, ал олардың өзара қарым-қатынасы көбінесе өңірдің одан әрі даму векторын анықтайды», — деп санайды ЕЭК Алқасының басшысы.
ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы тиісті меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды. Қазіргі таңда ынтымақтастықтың ізеуірттелген жоспарын келісу аяқталып келеді. Құжат жобасы бірлескен іс-шараларды, ақпарат пен тәжірибе алмасуды, өзара қызығушылық тудыратын талдамалық материалдарды дайындауды көздейді.
Қазіргі уақытта Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан ШЫҰ мүшесі болып табылады.
2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ШЫҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді.