Ресей Федерациясының уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысуымен ЕАЭО елдерінің билігі мен компаниялары үшін өнеркәсіптік аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы таныстырылым өткізеді. Еуразиялық үкіметаралық кеңес 21 қазанда Ереванда тиісті өкім қабылдады.
"Экспортты дамыту жөнінде бірлескен шараларды қолдану ЕАЭО туралы шартта көзделген. Бұған қосымша 2025 жылға дейінгі Стратегияда шетелдік экспорттық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалануды кеңейту бекітілген",- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Оның сөзінше, Одақ компанияларының Мысырдағы өнеркәсіптік аймақтың қызметіне қатысуы ЕАЭО өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге ықпал ететін болады. Бұл орайда сөз Мысыр Араб Республикасындағы аумақ туралы ғана емес, өнім өнеркәсіптік аймақтан бажсыз түсе алатын бүкіл Африка өңірі туралы болып отыр.
"Бұдан басқа, Одақ кәсіпорындары арасындағы кооперация дамиды, бұл да Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде басымдықты міндеттерді шешуге жәрдем көрсетеді",- деп толықтырды Андрей Слепнев.