Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2024 жылғы ақпан айының соңындағы жай-күй бойынша 827,5 мың адамға жетіп, 2023 жылғы ұқсас күнмен салыстырғанда 13% қысқарды.
Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 0,9%-ын құрап отыр. 2023 жылы бұл көрсеткіш 1% құраған еді.
ЕАЭО-дағы жұмыссыздық туралы толығырақ ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Жұмыссыздық туралы» бөлімде берілген.