Данияр Турусбеков екі жастар бірлестігінің көпжылдық тиімді ынтымақтастығын атап өте келіп, шақырғаны үшін РФ СІМ ЖДК төрағасы Константин Колпаковқа алғысын білдірді.
«ЕАЭО түрлі экономикалық көрсеткіштер байқатып отырған сын-қатерлерге тез әрі тиімді жауап береді. Дипломатияның рөлі артып келеді, бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сыртқы контурдағы белсенділігін арттыру, халықаралық байланысуды әртараптандыру және жаңа сауда әріптестерін іздеу қажеттігімен ұштасады. Қазір Таяу Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен, сондай-ақ бірқатар интеграциялық бірлестіктер - ШЫҰ, АСЕАН, ТМД-мен ынтымақтастық қарқынды бола түсуде. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның Жастар кеңесі мен Ресей СІМ Жас дипломаттар кеңесінің көп жылғы табысты ынтымақтастығы ерекше маңыздылық пен өзектілікке ие болуда»,- деп атап өтті Данияр Турусбеков.
Данияр Турусбеков сондай-ақ Комиссия жастарды Еуразиялық экономикалық интеграцияға белсенді тартып отырғанын да қосымша айтып өтті. Мәселен, ағымдағы жылғы 25-26 тамызда Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың бастамасы бойынша ТМД және ЕАЭО Жастар форумы өтті. Түйінді іс-шара кәсіби жастардың ЕАЭО елдері Үкіметтері басшыларының орынбасарларымен, ЕЭК Алқасының Төрағасымен және ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасы – Атқарушы хатшысымен кездесуі болды. Данияр Турусбеков Одақ елдерінің кәсіби жастары арасындағы Еуразиялық интеграцияға деген айрықша өскелең қызығушылықты атап өтті және халықаралық жастар алаңдарында Еуразиялық құрауыш тұрақты болады деген үміт білдірді.
Пікірсайыс шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі, РҒА академигі Сергей Глазьев, «Валдай» халықаралық пікірсайыс клубының бағдарламалық директоры Ярослав Лисоволик, сондай-ақ басқа да халықаралық сарапшылар сөз сөйледі.