Жаңалықтар

31.10.2023

ЕЭК Ақпараттық технологиялар департаменті ЕАЭО интеграцияланған жүйесінің деректерді берудің қорғалған желісін құру аясында оқыту семинарын өткізді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Ақпараттық технологиялар департаменті 26-27 қазанда ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесінің деректерді берудің қорғалған желісінің қызметі бойынша оқыту семинарын ойдағыдай өткізді.

Семинарға Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Іс-шара аясында деректерді берудің қорғалған желісінің қызметін қамтамасыз етудің практикалық аспектілері қарастырылды.

Семинар ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 7 «Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің деректерді берудің қорғалған желісін құру туралы» өкімін орындау мақсатында өткізілді. Комиссия Одақ елдерімен бірлесіп қазір бұл жұмысты аяқтауда.

«Барлық қатысушыларды ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесінің деректерді берудің қорғалған желісіне қосу Одақ мемлекеттері мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы трансшекаралық өзара іс-қимыл аясында ақпараттық алмасу қауіпсіздігінің келісілген деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ЕЭК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Александр Алексанян.

Комиссия мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін деректерді берудің қорғалған желісіне қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар өткізді. 

Атап айтқанда деректерді берудің қорғалған желісін басқару орталығы құрылды. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп ЕАЭО интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменттерінің тұрақты қосылуын ұйымдастыру үшін қажетті мөлшерде криптошлюздерді монтаждау және баптау жүргізілді. Армения, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстанның ұлттық сегменттерін деректерді берудің қорғалған желісіне қосу жүзеге асырылды.

Жақын арада Ресейдің ұлттық сегментін қосқаннан кейін ИАЖ-ны қорғалған арналарға көшіру, сондай-ақ Одақ аумағында тауарларды қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.