Жаңалықтар

10.06.2022 (Обновлено: 06.07.2022 13:46)

Медициналық бұйымдарды ұлттық қағидалар бойынша тіркеу кезеңі жыл аяғына дейін ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі екінші хаттаманы бекітті. Құжат медициналық бұйымдарды ұлттық қағидалар бойынша тіркеудің 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мүмкіндігін көздейді.

Медициналық бұйымдарды ұлттық тіркеудің өтпелі кезеңін ұзарту, соның ішінде ЕАЭО-ның жекелеген елдеріне қатысты экономикалық сипаттағы шектеу шаралары енгізілуіне байланысты ұлттық деңгейде нарықты қолдаудың арнаулы шараларын жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Хаттама халықаралық актілерді уақытша қолдану режімі белгіленген Одақ мемлекеттерінде ресми жарияланған сәтінен бастап қолданыла бастайды.