Нижний Новгородта БРИКС елдерінің Өнеркәсіп министрлерінің кездесуінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян "Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың басым міндеті оны халықаралық аренада экономикалық тартылыс полюсі ретінде жайғастыру болып табылады. Осыған байланысты біз үшін БРИКС елдерімен нақты сектордағы ынтымақтастықты тереңдету өте маңызды", — деп мәлімдеді.
Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары ретінде министр ЕАЭО елдерінің өндірістік кешендерін құруға және жаңғыртуға инвестициялар тартуды, озық технологиялар трансфері жүйесін қалыптастыруды, соның ішінде ЕАЭО мен БРИКС үшін ортақ цифрлық сервис құруды, бірлескен индустриялық-инновациялық инфрақұрылым мен технологиялық платформалар құруды қоса, ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда өзара тиімді көпжақты ынтымақтастық механизмдерін дамытуды атады.
ЕЭК министрі өнеркәсіпті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін "ЕАЭО-БРИКС пікірсайыс форматын жыл сайынғы алаңға айналдыруды ұсынды және БРИКС өкілдерімен белсенді өзара іс-қимыл елдердің өнеркәсіптік өсуі мен өркендеуіне бағытталған интеграциялық процестерді дамытуда маңызды практикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
БРИКС іс-шаралары алаңында Гоар Барсегян сонымен қатар ЮНИДО бас директорының орынбасары- техникалық ынтымақтастық және орнықты өнеркәсіптік даму дирекциясының басқарушы директоры Цийонг Цзоумен кездесті.
"Біз Комиссия мен ЮНИДО-ның бірлескен жобаларды дайындау мен іске асыруға қатысу, "жасыл" технологиялар мен технологиялар трансфері, өндірістерді оқшаулау бөлігінде тәжірибе алмасу сияқты бағыттар бойынша өзара іс-қимылы үшін үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Біздің қарым-қатынасымызға серпім беріп, болашақта осы бағыттар бойынша жол картасын дайындауды қарастыратын кез келді", — деп мәлімдеді Гоар Барсегян.
ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қолдаудың жаңа механизмін ендірудің маңыздылығын атап көрсете келіп, министр ЮНИДО-ға Одақ елдеріндегі ұйымның тармақталған желісін және іске асырылып жатқан бастамаларды ескере отырып, бірлескен кооперациялық жобаларды іздеу жөніндегі ақпараттық жұмысқа қосылуды ұсынды. Сондай-ақ, Гоар Барсегян ЮНИДО мен БРИКС-тің қолдауымен құрылатын Өнеркәсіптік құзыреттер орталығына ЕАЭО-ның қатысу мүмкіндігі туралы бастама көтерді.
"ЮНИДО мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс -қимыл практикасы Еуразиялық экономикалық одақтың БҰҰ алаңында әлемдік көшбасшылар қабылдаған Инклюзивті және орнықты индустриялық даму мақсаттарына қол жеткізуін жақындатуға мүмкіндік береді", — деп қорытындылады Гоар Барсегян.
ЮНИДО өкілдері, өз кезегінде, ЕЭК-ті өнеркәсіптік саясат жөніндегі көпжақты форумға қатысуға шақырды.
Гоар Барсегян Нижний Новгородқа жұмыс сапары шеңберінде Қытай Халық Республикасының Өнеркәсіп және ақпараттандыру вице-министрі Синь Гобинмен, Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Өнеркәсіп министрі Мелаку Алебелмен, Иранның Өнеркәсіп, шахталар және сауда министрінің орынбасары Мохаммад Мусавимен, Біріккен Араб Әмірліктерінің Өнеркәсіп және озық технологиялар министрінің орынбасары Омар Ахмед Сувайна Аль Сувейдимен және Мысырдың Ресей Федерациясындағы Елшісі Ахмед Риадпен жұмыс кездесуін өткізді.
Бұдан басқа, ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян Нижний Новгородтың өнеркәсіптік кәсіпорындарына ЕАЭО-дағы кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау механизмін таныстырды. Таныстырылым барысында кездесуге қатысушылардан механизмді іске асырудың жай-жапсарына: жобаны қаржыландырудың ең төменгі шектеулеріне, кредит қаражатын мақсатты пайдалануға, механизмді шағын компаниялардың қолдануына байланысты, қолданыстағы жобаны қаржыландыруға бола ма деген сияқты басқа да мәселелерге қатысты көптеген сұрақ түсті.