Жаңалықтар

27.04.2022 (Обновлено: 01.06.2022 17:43)

ЕАЭО мен Иран еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөзді жалғастырды

26-27 сәуірде Мәскеуде ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша келіссөздердің үшінші раунды болып өтті.

«Біз еркін сауда аймағын қалыптастырумен серпінді режімде жұмыс істеуді жалғастырудамыз. Келісім бойынша бірқатар «ашық» мәселелерді келісу бойынша ілгеріледік, өзара саудада баждарды жою жөніндегі өзара міндеттемелерді қалыптастыру бөлігінде одан әрі жұмысты қалай неғұрлым өнімді түзу керектігі жөнінде нәтижелі пікір алмастық. Келесі раунд шілденің басында Иранда болады», — деп хабарладыЕЭК Сауда саясаты департаменті сауданы реттеудің арнаулы мәселелері бөлімінің бастығы Антон Цециновский.
Еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыспен қатарлас, ЕАЭО елдері мен Иран уақытша келісімді қолдануды ұзарту туралы наурыз айының ортасында қол қойылған хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді жүргізуде. Бұл құжатты іске асыру біздің елдеріміздің арасындағы еркін сауданың уақытша форматынан толық форматына жіксіз ауысуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Анықтама

2018 жылғы 17 мамырда жасасылған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісім 2019 жылғы 27 қазаннан бастап қолданылады.

2021 жылы ЕАЭО-ның Иранмен айналымы 2020 жылмен (2 904,3 млн долл.) салыстырғанда 73,5% артып, 5 037,5 млн долл. құрады. Бұл ретте экспорт 2,1 есе (1 650,9 млн доллардан 3 423,6 млн долл.дейін), импорт — 28,8% (1 253,4 млн доллардан 1 613,8 млн долл.дейін) өсті.