Жаңалықтар

17.03.2023 (Обновлено: 21.03.2023 13:04)

ЕАЭО мен ШЫҰ көпжоспарлы экономикалық әріптестікті нығайтуда

Кездесуде экономикалық ынтымақтастық мәселелерін ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин 17 наурызда Мәскеуде талқылады. Көлік-логистика саласындағы практикалық бірлескен жұмысты күшейту, сондай-ақ тәуелсіз трансшекаралық төлемдерді жүргізу үшін валюта-төлем жүйелерінің интеграциясын ынталандыру туралы шешім қабылданды.

Михаил Мясниковичтің айтуынша ШЫҰ мен ЕАЭО-ның экономикалық күн тәртібінің бір-бірін өзара толықтыра алатын және әлемдік көріністі айқындай алатын әлеуеті бар. «2022 жылы ЕАЭО-ның ШЫҰ-мен тауар айналымы 270,2 млрд долларды құрап, бір жылда 40%-дан астам өсті», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының төрағасы.

Тараптар ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қоюға мүдделі екендерін растады. Құжат келісімге алудың соңғы сатысында және оған ағымдағы жылдың мамыр айында қол қойылуы мүмкін.

ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның еуразия өңірінің аумағын біріктіруге арналған көліктік-логистикалық ауқымды жобаны іске асыру тұжырымдамасын дайындағанын айтты. Бұл жоба қазіргі уақытта ШЫҰ-да қарастырылуда.

Михаил Мясникович пен Чжан Мин тәуелсіз трансшекаралық төлемдерді жүргізу, сауда мен инвестицияларды қаржыландыру үшін ұлттық валюталардағы өзара есеп айырысуды және валюта-төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«ЕАЭО-да жақсы әзірлемелер бар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Одақ ішіндегі ұлттық валютадағы есеп айырысулардың үлесі 80% құрады. ЕАЭО мен ШЫҰ-ның төлем-есеп айырысу инфрақұрылымдарының әлеуетін үйлестіруді қамтамасыз ету қажет деп ойлаймыз. Біз жақын арада ұсыныстарымызды беретін боламыз», - деді Михаил Мясникович.

ЕЭК Алқасының төрағасы ШЫҰ Бас хатшысын 24-25 мамырда Мәскеу қаласында өтетін ІІ Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды. Форум барысында «ЕАЭО – ШЫҰ – БРИКС: ашық интеграциялық диалог» арнайы сессиясы өтеді.

ШЫҰ Бас Хатшысы өз кезегінде Михаил Мясниковичті Бейжіңдегі ШЫҰ Хатшылығына ресми сапармен келуге шақырды.