Жаңалықтар

14.01.2025

ЕАЭО Жапониядан, Таиландтан, Түркиядан және Малайзиядан әкелінетін құйылған алюминий доңғалақ дискілеріне демпингке қарсы баж енгізеді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жапониядан, Таиландтан, Түркиядан және Малайзиядан әкелінетін алюминий доңғалақ дискілеріне демпингке қарсы баж енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл шара диаметрі 13-20 дюйм жаңа әрі бұрын пайдалануда болған дискілерді қоса, құрсыммен толық жинастырылған немесе жинастырылмаған дискілерге де қатысты болады. Оның қолданылу мерзімі бес жылды құрайды. Баж кедендік құнның 9,38-42,82% мөлшерінде өндірілген елге байланысты белгіленген.

Шешім ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2023 жылғы 1 наурызда "Алюминий өндірушілердің, жеткізушілердің және тұтынушылардың бірлестігі" қауымдастығының өтініші бойынша бастаған демпингке қарсы тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қабылданды.

Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша аталған елдерде шығарылатын тауардың демпинг импорты бар екені және Еуразиялық экономикалық одақ экономикасының саласына материалдық нұқсан келтіретіні белгіленді.

Демпингті елдерден әкелінетін құйылған алюминий доңғалақ дискілерін өндірушілердің баға саясаты біздің өз компанияларымыздың ішкі нарықтағы үлесін жоғалту жағдайында тауарды өткізу бағасын оның өзіндік құнының өсуіне мөлшерлес арттыра алмауына әкелді. Нәтижесінде оларды сату шығынды, ал өндіріс рентабельділігі нашар болды", – деп түсіндірді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.