Жаңалықтар

26.05.2022

ЕЭК пен «бестік» елдерінің бизнесі Бішкекте техникалық реттеу мәселелерін талқылады

26 мамырда Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕАЭО-ның техникалық реттеу жүйесінің қазіргі жай-күйіне, оны дамыту бағыттары мен проблемалық аймақтарына арналған тақырыптық сессия болып өтті.

Сарапшылар тұтынушылар құқықтарын қорғау, сапа инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ сыртқы және ішкі сын-қатерлер жағдайында «бестік» елдері тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық реттеу органдары мен бизнестің тиімді өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

Сессия модераторлары — Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко мен ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев болды.

«Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тауарлардың еркін қозғалысы үшін ЕАЭО кеңістігінде толық құқықты бәсекелес нарықты құру — техникалық реттеу саласындағы аса маңызды міндет. Біз үшін өнімге қойылатын қауіпсіздіктің міндетті талаптары жоғары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келуі маңызды», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. 

Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Валентин Татарицкий қазіргі жайсыз жағдайларда нақ осы сапа тұтастай ел экономикасының және жекелей әрбір ұйымның бәсекелестік орнықтылығын айқындаушы бағдары болып табылады деп атап көрсетті.

«Өнімнің және бизнес-процестердің сапасы – бәсекеге қабілеттіліктің өсуінің басты императиві, бұл елдің беделі, қаржылық орнықтылық, қажеттілікті барынша қанағаттандыру және азаматтардың тұрмыс деңгейінің өсуі», — деп атап өтті ол. 

Пікірсайысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов ЕАЭО-да техникалық регламенттердегі міндетті нормалар және стандарттарды ерікті негізде қолдану арқылы өнімнің қауіпсіздігі де, сондай-ақ Одақ нарығындағы тауарлардың еркін қозғалысының негізгі шарттарының бірі де қамтамасыз етіледі деп толықтырды. Алайда бүгінде өнім өндірудің техникалық деңгейіне және, сайып келгенде, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін проблемалар әлі де бар. 

«Осындай проблемаларды жүйелі шешу үшін және техникалық реттеудің әсерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда Стандарттау және метрология институты базасында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылып, жұмыс істей бастады. Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталықтарын құрудың ұқсас моделін тұжырымдау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде де орынды болады», — деп қорытындылады ЕЭФ тақырыптық сессиясының спикері.
Тақырыптық сессияға қатысушылар мүше мемлекеттердің техникалық реттеу, сапа және тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы интеграциялық әлеуетін іске асырудың тұжырымдамалық мәселелерін талқылады. Тұтынушыға зиян (нұқсан) келтіру тәуекелдерін бағалау мен басқаруға, міндетті талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі шараларды кеңейтуге және арттыруға негізделген мемлекеттік бақылауды жүргізуге орайлас мүше мемлекеттердің тәсілдемелерін үдемелі трансформациялау қажеттігін атап өтті. 

Сессияға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, бизнес-қоғамдастықтарының және ұйымдары сарапшыларының 90-нан астам өкілі қатысты. 

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі