Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Уханда Қытай Халық Республикасы Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы әділетті бәсекелестік мәселелері жөніндегі ұлттық конференцияда ЕЭК-тің бірқатар бастамасын ұсынды.
Болашақ дамудың негізі ретіндегі әділ бәсекелестікке арналған іс-шарада Максим Ермолович ЕЭК-тің бәсекелестік құқық пен құқық қолдануды жетілдіру, сондай-ақ Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық бәсекелестік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы жөніндегі белсенді жұмысын атап өтті.
Маңызды жетістік ретінде картельдерді ашуды және трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік ортаны жақсартуды ынталандыратын жауапкершіліктен босату бағдарламасын әзірлеу атап өтілді. ЕЭК министрі ЕАЭО Сотымен берік байланысқа және оның бәсекелестік құқықтың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етудегі рөліне назар аударды.
Максим Ермолович ағымдағы проблемалық мәселелерді жеке атап айтып, Комиссияның бірқатар бастамаларын: ЕАЭО-да роуминг тарифтерін төмендетуді, цифрлық маркетплейстерді дамыту жағдайында электрондық сауданы реттеуді, бәсекелестікті адвокаттандыруды, озық практика алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық ынтымақтастықтың ойдағыдай мысалдарын ұсынды.
ЕЭК министрі Комиссияның Қытаймен және басқа елдермен әріптестігін нығайту экономикалық өсуге және орнықты дамуға ықпал ететін қолайлы бәсекелестік орта құруды қамтамасыз ететініне сенім білдірді.
"Қытай ЕЭК-тің стратегиялық әріптесінің бірі болып табылады. Біз бәсекелестік саласында қытайлық әріптестерімізбен ынтымақтастықты кеңейтуді елеулі әлеуеті бар басымдықты бағыт деп санаймыз", — деп атап көрсетті Максим Ермолович.