Жаңалықтар

30.04.2021 (Обновлено: 29.12.2021 17:33)

ЕЭК пен Өзбекстан Үкіметі өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов 30 сәуірде Қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға, сондай-ақ 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды. 2020 жылғы 11 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алды. Бұл мәртебені толық форматта іске асыру үшін меморандум және бірлескен жұмыстың ізеуірттелген жоспарын дайындау ұйғарылды.

Меморандум сауда саясаты, кедендік және техникалық реттеу, тұтынушылар құқығын қорғау, еңбекшілердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы, қаржы нарықтары, көлік, энергетика, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен, цифрлық экономика және басқа салалардағы ынтымақтастықты көздейді.

Ынтымақтастық тәжірибе және ақпарат алмасу, консультациялар мен кездесулер өткізу, іс-шараларды бірлесіп, соның ішінде бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен дайындау мен ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Михаил Мясникович атап көрсеткендей, мұндай форматтағы істер мазмұнды жұмыс үшін қосымша инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді.

«Жоспарға кірістірілген іс-шаралар кешені Өзбекстан тарапына Одақтың регуляторикасын практикада зерделеуге және бұдан арғы мүдделілік жағдайында ЕАЭО құқығымен біртіндеп үндестіру процесін бастауға көмектеседі», — деді ЕЭК Алқасының Төрағасы.


Өзбекстан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын ТМД елдері арасынан ЕАЭО елдерінің бірінші сауда әріптесі болып табылады.

ЕАЭО елдерінің Өзбекстанмен тауар айналымы жыл сайын өсуде. 2020 жылы ол 2019 жылмен салыстырғанда 3,9%, 9,4 млрд АҚШ долларына дейін, соның ішінде экспорт – 15,3%, 7,2 млрд АҚШ долларына дейін артты. Импорт 21,1%, 2,2 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды.

Одақ елдерінің Өзбекстанмен саудасындағы жағдаят ЕАЭО елдері экспортының импорттан айтарлықтай асып түсуімен сипатталады.

ЕАЭО-ның Өзбекстанмен саудасының 60%-дан астамы Ресейге, 30%-ға жуығы Қазақстанға, шамамен 3%-ы Беларусьқа, 4%-ға жуығы Қырғызстанға және 0,1%-ға жуығы Арменияға сәйкес келеді.