Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
11 маусымның 2025
Валентин Татарицкий: "Комиссияның басымдығы – ЕАЭО елдері халқының денсаулығын сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз ету"
Техникалық реттеу жөніндегі министр Валентин Татарицкий Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Кеңес, атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының өткен сессиясының қорытындыларын ЕАЭО елдері үшін өзектілігі тұрғысынан талқылады. Одаққа мүше мемлекеттердегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдаят және Кеңестің бұдан арғы қызметінің перспективалары қаралды. "Бірлескен жұмыс Одақ мемлекеттерінің санитариялық қызметтерінің әлеуетін күшейтуге және қажетті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді, бұл біздің елдер халқының денсаулығын сақтауға және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз етуге көмектеседі", – деп атап көрсетті Валентин Татарицкий. Мүше мемлекеттердің өкілдері Комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевичтің ұлттық уәкілетті органдармен бірлесіп "санитариялық шаралар" бағыты бойынша жұмыс жоспарын дайындау туралы ұсынысын қолдады. Үш жылдық жоспарды әзірлеуге бастамашылық жасалды. Валентин Татарицкийдің Басшылар кеңесінің төрағасы, Федералдық тұтынушылар құқықтарын қорғау және адамның саламаттығы саласындағы қадағалау қызметінің басшысы Анна Поповамен жұмыс кездесуі барысында санитариялық шараларды қолдану мәселелері талқыланды. Соның ішінде Комиссияның аталған салада әзірлеп жатқан актілері, сондай-ақ "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жоспары жобасының іс-шаралары қаралды. Талқылау нәтижелері бойынша бірқатар басым бағыттағы ынтымақтастық іс-шаралары айқындалды.
11 маусымның 2025
Ереванда ЕАЭО елдерінің кедендік ынтымақтастығы талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорянмен кездесті. Еуразиялық экономикалық одақта кедендік реттеудің ЕАЭО кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін ендіру, кедендік шекараларды кесіп өтуді оңайлату, сондай-ақ оны жетілдіру перспективалары сияқты өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Одақтың бүкіл аумағында кедендік әкімшілендірудің бірлігін қамтамасыз ету үшін сындарлы өзара іс-қимыл маңызды екенін атап өтті. Жұмыс сапары барысында Руслан Давыдов Республиканың Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Эдуард Акопянмен де жұмыс кездесуін өткізді. Комиссияның кеден блогының басшысы әріптестерімен кеден саласында перспективалы технологияларды пайдалану, кедендік ақпарат алмасу, кедендік құнды бақылау, Кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімді іске асыру және тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану, сондай-ақ бұдан арғы жұмыс жоспарларын талқылады.
11 маусымның 2025
Зарема Аскарова ЕЭК-тің Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды
Зарема Аликовна Аскарова 1980 жылы Бішкекте туған. 2003 жылы Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. 2005-2006 жылдары Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің аппаратына техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандар тобының ЭЕМ операторы болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының Қырғыз Республикасы Премьер-министрі аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі мамандар тобының маманы, аға инспекторы болды. 2007-2009 жылдары — Қырғыз Республикасы Премьер-министрі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және кадр қызметі бөлімінің құқықтық талдау және сараптама секторының сарапшысы, реттеушілік әсерді талдау бөлімінің сарапшысы. 2009-2011 жылдары Қырғыз Республикасы Экономикалық реттеу министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, Лицензиялық қызметті реттеу және РӘТ басқармасының реттеушілік әсерді талдау бөлімінің меңгерушісі, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш аппаратының Адам құқықтары, тең мүмкіндіктер және қоғамдық бірлестіктер комитетінің бөлім меңгерушісі болып істеді. 2011-2012 жылдары Қырғыз Республикасы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, директорының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары — Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясатты зерттеу институтының заңгері, аппарат басшысы, директоры. 2014 жылдан 2019 жылға дейін халықаралық ұйымдарда жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары Қырғыз Республикасы Үкіметі аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің сарапшысы болды. 2021 жылғы ақпаннан 2025 жылғы мамырға дейін Қырғыз Республикасы Әділет министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болып істеді. 2025 жылғы 9 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
10 маусымның 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 маусымда Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев 26-27 маусымда Минскіде өтетін IV Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы хабардар етілді.
10 маусымның 2025
ҚХР-дан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж бес жылға ұзартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасынан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баждың қолданысын қоса алғанда 2030 жылғы 9 маусымға дейін ұзартты. "Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдері прокат өндірушілерінің өтініштері негізінде, қолданыстағы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2024 жылғы 2 қыркүйекте бастаған демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қабылданды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Өтінішті "Магнитогорск металлургия комбинаты" ЖарАҚ, "Новолипецк металлургия комбинаты" ЖарАҚ және "Северсталь" ЖарАҚ берді. ҚХР-дан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешіміне сәйкес белгіленген. ҚХР-дан шыққан прокатқа арналған баждың мөлшері өндірушісіне байланысты кедендік құнның 12,69%-ынан 17%-ға дейін, Украинадан шыққан прокатқа арналған баж мөлшері кедендік құнның 23,9%-ын құрайды. № 209 шешіммен сондай-ақ қытайлық бірқатар компанияның баға міндеттемелері мақұлданған. Шараны қолдану қайталап тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне орай ұзартылған болатын.
10 маусымның 2025
Максим Ермолович: "ЕЭК ЕАЭО кеңістігінде адал бәсекелестікті қамтамасыз ету механизмдерін дамытады"
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы Федералдық монополияға қарсы қызмет пен Монополияға қарсы сарапшылар қауымдастығы ұйымдастырған Мәскеудегі 2025-Монополияға қарсы форумына қатысты. Пленарлық сессияда Максим Ермолович ЕЭК-тің бәсекелестік саласындағы негізгі жетістіктерін, Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік құқығына түйінді түзетулерді, Комиссияның нарықтарға секторлық зерттеу жүргізуінің жекелеген аспектілерін ұсынды. Блоктың ұлттық бәсекелестік ведомстволарымен өзара іс-қимылы, ЕЭК-тің бәсекелестік саласындағы жұмысының перспективалық бағыттары қаралды. "Бәсекелестік блогы кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе ауысуға және бәсекелестік саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға үлкен мән береді. Мұның бәрі ЕАЭО кеңістігінде адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің тиімді құқықтық және институционалдық механизмдерін қалыптастыруға жәрдемдеседі", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Максим Ермолович ЕЭК-тің бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бәсекелестік ортаны қолдау үшін қажетті барлық құралға ие екендігіне назар аударды: құқық қолдану практикасы қалыптасты, бәсекелестік құқықты жетілдірудің тұрақты процесі жүріп жатыр. "Біз Комиссияның трансшекаралық нарықтарға қатысуын кеңейту, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекелестік қағидаттары мен қағидалары туралы хабардарлығын арттыру үшін жұмыс істеу үстіндеміз", — деп атап өтті ЕЭК министрі.
10 маусымның 2025
Ольга Прудникова ЕЭК-тің Энергетика департаментінің директоры болып тағайындалды
Ольга Филипповна Прудникова Могилевте (Беларусь Республикасы) туған. 1989 жылы Белорус-Ресей университетін (инженер-физик) бітірген, бұдан кейін 1999 жылы Белорус заң институтын "Құқықтану" (заңгер) мамандығы бойынша, 2010 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын "Өнеркәсіп кәсіпорнындағы экономика және басқару" мамандығы бойынша және 2024 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы "Могилевэнерго" РБК-да бастады, онда басшылық лауазымдарды атқара жүріп, 2010 жылға дейін жұмыс істеді. 2010 жылдан 2013 жылға дейін "БДБ" РБК-да еңбек етті. 2013 жылдан 2017 жылға дейін "Белэнерго" мемлекеттік электр энергетикасы өндірістік бірлестігінің өндірістік-техникалық басқармасының бастығы болып істеді. 2017 жылғы қаңтардан 2025 жылғы мамырға дейін Беларусь Республикасы Энергетика министрінің орынбасары болды. 2025 жылғы 2 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры болып тағайындалды.
06 маусымның 2025
Чинара Мамбеталиева "Реттеушілік практикасы және дәрілік заттарды тіркеу — ДәрТір 2025" конференциясына қатысты
Мәскеуде өткен "Реттеушілік практикасы және дәрілік заттарды тіркеу — ДәрТір 2025" ғылыми-практикалық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Чинара Мамбеталиева дәрі айналысын реттеуді жетілдірудің, тіркеу тиімділігін арттырудың және пациенттердің сапалы дәрі-дәрмекке қол жеткізуін қамтамасыз етудің түйінді мәселелерін ұсынды. ЕЭК өкілі пленарлық сессияда "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын дамытудың негізгі бағыттары" тақырыбында баяндама жасады. Атап айтқанда, ол бірыңғай тәсілдемелер негізінде дәрілерді тіркеуге қойылатын талаптарды үндестіру процестерін тереңдету, тіркеу рәсімдері мен сараптама нәтижелерін өзара тану механизмдерін кеңейту, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы үшін инфрақұрылымды дамыту, дәрілік заттардың транспаренттілігі мен айналысын қадағалап отыруды қамтамасыз ету туралы айтты.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы