Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович пен ЕАЭО сотының төрағасы Алексей Дронов Минск қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын және құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелерін талқылады.
Тараптар ұлттық және ұлттықтан жоғары органдар арасында істерді бөлу, Одақ сотының шешімдерін орындау тәртібін жетілдіру сияқты бәсекелестік саласындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасты. Соынмен қатар ЕЭК шешімдеріне дау айту туралы істер бойынша үшінші тұлға институтын енгізу, сондай-ақ Комиссия Алқасының шешімдерімен құқықтарына және экономикалық мүдделеріне нұқсан келтірілген жеке тұлғаларға құқықтық қорғау беру мүмкіндігі талқыланды.
Тараптар ЕАЭО елдерінде ақпарат және құқық қолдану тәжірибесімен алмасу және іс-шараларға өзара қатысу туралы уағдаласты.
«Біз ЕАЭО Сотымен істерді қарау кезіндегі таныс форматта ғана емес, жаңа бағыттар бойынша да ынтымақтастыққа мүдделіміз. Атап айтқанда, ЕЭК өкілдерін ЕАЭО Соты өткізетін заң форумдары мен семинарларға қатыстыру. Кездесу қорытындысы бойынша біз өз тарапымыздан Төраға мен төрешілерді ЮНКТАД бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының 22-ші сессиясының алаңдарындағы бәсекелестік мәселелері жөніндегі өңірлік ұйымдардың іс-шараларына, сондай-ақ Қоғамдық қабылдау отырыстарына және Комиссия ұйымдастыратын басқа да іс-шараларға қатысуға шақырдық», – деп атап өтті Максим Ермолович.