Жаңалықтар

04.04.2024

ЕЭК және Ресей мен Беларусьтың Сауда-өнеркәсіп палаталары ЕАЭО-дағы кооперацияны және импорт алмастыруды қолдау мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Николай Рогожник Мәскеу экономикалық форумының "ЕАЭО — ортақ болашақты нығайтудың нақты міндеттері" сессиясының жұмысына қатысты.

Сессия аясында Николай Рогожник Ресей мен Беларусьтың Сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақта кооперацияны және импорт алмастыруды қолдау механизмдері мен құралдарын ендіруді талқылады.

Комиссияның кооперация және импортты алмастыру жөніндегі жұмысы шеңберінде ЕЭК алаңында жұмыс істейтін өнеркәсіптің басым және жоғары технологиялық салаларындағы кооперациялық импортты алмастыратын өндірістік тізбектерді құруға жәрдемдесуге жеке назар аударылды.