Жаңалықтар

15.01.2025

ЕЭК асыл тұқымды мал шаруашылығында геномдық селекцияны ендіру тәсілдемелерін мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Асыл тұқымды мал шаруашылығында геномдық селекцияны қолданудың халықаралық тәжірибесі және ауыл шаруашылығы жануарларын геномдық бағалауды ендірудің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде келісілген ықтимал тәсілдемелері туралы шолуды қарады.

Геномдық селекцияны ендіру ЕАЭО-да жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау және болжау жүйесін қалыптастыра отырып, мал шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз етуге және саланың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.